Жетісулық фермерлерге берген субсидияға аудит жүргізіледі
Жетісулық фермерлер өнімдерін сату үшін арнайы жәрмеңке өткізуді сұрайды. Жергілікті билік шаруалардың дағдарысына дайын емес, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
Фермерлер тексеріске дайын ба?
Жылдан жылға өңірде өнім көлемі артып келе жатқаны жасырын емес. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 455,8 млрд теңгені құрады, яки ИФО – 102,4%-ға дейін артқан. Ал осы жылы соңғы алты айды алып қарасақ жалпы өнім 165,6 млрд.теңгеге өндіріліп, ИФО – 102,4%-ға дейін жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш екі есе өсуі мүмкін. Қазір егін басында жүрген фермерлер жан алысып, жан берісе жұмыс істеп жатыр. Жаз бойы еккен егіні, салған қаражаты ақталып, пайда табу үшін алқапта түнеп жүргендер де бар. Жүгері мен қант қызылшасын жинау науқаны әлі жалғасып жатыр. Жол бойындағы абыр-сабыр ай соңынан дейін жалғасады.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 44,3 мың гектарға ұлғайып, 510,1 мың гектарға жеткізілд. Былтыр 465,8 мың га болған еді. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 294,2 мың га, қант қызылшасы – 13,7 мың га, майлы дақылдар – 88,6 мың га, картоп – 6,5 мың га, көкөніс – 8,7 мың га, мал азығы дақылдары – 98,1 мың га өнім алынды. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемі 1,9 есеге ұлғайтылып, 49 мың тонна деңгейінде бекітілді. Былтыр естеріңізде болса 25,2 мың тн/+23,8 құраған болатын. Бүгінде ол жүз пайызға орындалды, яки 49 мың тн берілді. Оның ішінде аммиак селитрасы 22,9 мың тонна, аммофос 13,7 мың тонна, басқалары 12,4 мың тонна шаруаларға үлестірілді, - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков.
Қараңыз, жыл сайын дәстүрлі түрде барлық фермерлерге мемлекет тарапынан 450 млрд теңгеден астам субсидия беріледі, Өкінішке қарай оларды қалай қолданылады, қарай жүзеге асып жатқанын ешқандай басқарма не аудит тексермейді. Осы орайда “Әділдік және Өркендеу” қоғамдық қорыз облыстың арнайы тексеру комиссиясына және жоғары аудиторлық палатаға сауал жолдаған. Ведомстволар аудит жүргізуге уәде беріп отыр. Өңір аграрлы саналғанымен ауылшаруашылығының фермерлер дағдарысқа ұшырағанда дайындап қойған арнайы жобалары жоқ. Яки былтырғы жүгерішілердің жыры секілді оқиға әлі де болуы ықтимал.
Жалпы алғанда ауыл шаруашылығында 21 мыңға жуық шаруа қожалықтары тіркелген. 2023 жылы осы саланы қолдауға 30 млрд-тан астам теңге бюджет қаражаты бөлінген. Оларға берілген субсидия көлемі 27,3 млрд теңгені құрап отыр. Осыншама қаржы бөлінгенімен фермерлер келесі жылы егіс көлемін арттыруға күмәнмен қарайды. Себебі табиғи фавторлар қатты әсер етеді. Оған бір дәлел жүгерішілердің жайы, дейді “Әділдік және Өркендеу” қоғамдық қорының өкілдігінің басшысы Әлия Ахмедиева.
Алдағы уақытта фермерлерге тексеріс жүргізетін болса, егін шаруашылығы біраз кедергіге ұшырауы мүмкін. Себебі үнемі тексеріс жүргізу жұмысты біраз кедергі келтіреді. Оны фермерлердің өзі де айтып отыр.
“Жалпы ауылшаруашылығы саласы үнемі пайдаға әкелетін сала деп қарастыру жалған пікір. Мәселен былтыр жүгерішілер мен біраз қызылша еккен шаруалар шығынға батты. Себебі күзде табиғат күрт өзгеріп, жауын жауып күн өзгеріп кетті. Содан біраз шаруа егінін толық жинай алмады. Былтыр су толық жетпей біраз алқап шіріп кетті. Сондықтан келер жылы егін еккенде алдын ала ойланып екпесе болмайды. Алғашқы егін еккендер сондай кедергіге ұрынады”, дейді шаруа иесі Жанболат Қайсарбек.
Фермерлер уақытша базарлар құруды сұрап отыр
Көкөніс егетін түрлі шағын шаруалар бар. Жүгері, арпа, бидай секілді астықтарды базарға шығып саудалауға да болады. Алайда өңірде мал шаурашылығына арналған малбазар жұмыс істейді. Көксу ауданына қарасты базар өңірдеге ең үлкен сауда орталығның бірі. Сондай орталықтарды фермерлерге де ұйымдастырса жөн болар еді. Қараңыз, ел ішінде өнімдерді сыртқы нарықтарға жылжыту үшін бірқатар бағдарлама қабылданған. Бұл ретте KazakhExport қаржылық шаралар операторы бар. Экспорттық акселерация бағдарламасы іске асырылып жатыр. Олар Қытай, Ресей, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Вьетнамды қамтитын 8 нарыққа бағдарланатын болады. Бұлардың ішінде Жетісу тауарларының да үлесі бар.
Ауыл шаруашылығының министрлігінің хабарлауынша, жүгеріні өткізу мәселесін шешу үшін салалық қауымдастықтармен, республикалық ет-сүт одағымен, сондай-ақ құс фабрикаларына, сүт фермаларына және шошқа шаруашылықтарына жүгеріні өткізу бойынша құс өсірушілер одағымен келіссөздер жүргізілген. Жергілікті атқарушы органдарға жүгері дәнінің жаңа партияларын әкелу үшін сақтауға бейімделген сақтау сыйымдылықтары мен қоймаларды (АШТӨ, ӘКК) босату жөнінде хабарлама жіберілген.
Сүт өндірісі бойынша былтыр 211,5 мың тонна сүт өндірілген, Осы жылы өндірісті 225,3 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінде 142,4 мың тонна сүт өндірілген. Әлі жоспарға 63,2%. бар өндірілетін. Облыс аумағында қуаттылығы 26,1 мың басқа арналған 71 бордақылау алаңдары мен 8,2 мың басқа арналған 36 сүт тауарлы фермалары жұмыс істейді. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 120 кәсіпорын жұмыс істейді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімдері 86,8 млрд теңгеге өндірілді. ИФО – 94,8%. 2024 жылы тамақ өнімдерінің көлемін 3,6%-ға ұлғайып, 90,0 млрд теңгеге жеткізу жоспарланды. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында өндірілген өнім көлемі – 52,7 млрд. теңгеге жеткізілді. ИФО – 109,1% артқан. Экспорт көлемі ағымдағы жылдың қаңтар – шілде айларында 43,6% артып, жалпы 21,8 млн. АҚШ долларына өнім шығарылды, дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков.
Оның айтуынша, өткен жылы экспорт көлемі 15,1 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде өңделген дайын өнім экспорты өсімін 66,6% жеткізіп, 17,3 млн АҚШ долларын құрайды. Былтыр 10,3 млн. АҚШ доллар болған еді.
Бүгінде шағын фермерлер әкімдіктерден маусымдық көкөністермен, жемістермен және бақша дақылдарымен сауда жасау үшін адамдар көп жиналатын жерлерде уақытша базарлар құруды сұрап отыр. Осы күні өңірдегі Әділдік Және Өркендеу қоғамдық қорының белсенділері ауыл шаруашылығы саласының ауқымды мониторинг жүргізген, Нәтижесінде шаруалардың көкейінде жүрген бірнеше сауал ортаға таслады. Мәселен, тұрақты өткізу нарықтарының болмауы және егінді сатып алу бойынша нақты жоспарларды жоқтығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын нарықта төмен сатылуы. Жергілікті биліктің дағдарыс жағдайларында дайындығының көңілге толмауы. Фермерлер егінді сататынына сенімді болмай, дақылдарды интуитивті түрде отырғызатыны. Фермерлерден өнім сатып алуға бағытталған компаниялар мен операторлар бойынша Мемлекеттік органдардың сайттарында өзекті ақпарат жоқтығы. Субсидияларды пайдалану тиімділігіне талдау жүргізілмейтіні. Осы сұрақтар шаруа қожалықтарын жиі мазалайды.
Аграрлық саладағы ахуалдың мониторингін негізге ала отырып Қор белсенділері мынадай ұсынымдарды тұжырымдады: Өз өнімдерін сату үшін саудагерлер арасында тік және көлденең байланыстар орнату. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым қорын жақсарту, ауыл шаруашылығы жерлерінің сапасын арттыру. Көкөніс, жеміс және бақша дақылдарын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шараларын анықтау. Облыс аумағындағы маусымдық көкөністер мен жемістердің стихиялық сауда орындарына талдау жүргізу және маусымдық сауда үшін жағдай жасау. Белгілі бір жерде тұратын және сол жерде ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға жер учаскелерін беру. Жайылымдық жерлерді ескере отырып, мал басын реттеу. Мемлекеттік қолдау көрсетудің жалпы цифрлық жүйесін құру және субсидия алушыларды бизнесті ашық жүргізуге ынталандыру және АӨК-де жұмыс істейтін қызметкерлердің құқықтарына қамқорлық жасау. Суару каналдары мен су қоймалары сияқты су шаруашылығы объектілері үшін ШЖҚ дайындау кезінде құзыретті мамандарды шақырып, қоғамдық бақылауды жолға қою керек. Мемлекеттік қолдау көрсетудің жалпы цифрлық жүйесін құру және субсидия алушыларды бизнесті ашық жүргізуге ынталандыру және АӨК-де жұмыс істейтін қызметкерлердің құқықтарына қамқорлық жасау, дейді қор өкілі Әлия Ахмедиева.
Қант саласында қауырт жұмыс көп
Қазір қант саласында аграрлы өңір көп көңіл болып жатыр. Зауытта баяғыдай қалың кезек жоқ. Апталап жататын жүк көлік иелерінің жұмысы тәулікте бітеді. Әрине жол бойындағы кедергілер біртіндеп ректе келе жатыр. Дегенмен жалпы жұмыс барысы тәуір. Өңір көлемінде жалпы қуаттылығы 700 мың тоннаны құрайтын 2 қант зауыты бар екенін белгілі. Тұстеп айтсақ, Ақсу қант зауыты – 450 мың тн, Көксу қант зауыты – 250 мың тн өнім өңдей алады. Осы жылғы маусымда қант қызылшасы 13,7 мың гектарға егілді. Жалпы жоспар – 10,7 мың га болатын. Алдағы уақытта 615 мың тонна өнім жиналады деп күтіліп отыр.
Биыл 96 мың тонна қант өндіру көзделуде, оның ішінде қант қызылшасынан – 66 мың тонна, нақытлап айтсақ Көксу қант зауыты – 30 мың тн, Ақсу қант зауыты – 36 мың тн өңделеді. Ал қамыс құрағынан – 30 мың тонна, нақтылап айтсақ Көксу қант зауыты – 27 мың тн, Ақсу қант зауыты – 3 мың тн өңделеді. Ағымдағы жылы қант қызылшасы бағытында жаңадан 8 сервистік даярлау орталықтары құрылды. Ақсу ауданы – 2, Алакөл – 1, Қаратал – 1, Көксу – 1, Сарқан ауданы – 3 орталық жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күнге 2,5 млрд.теңгеге жоспарданған жалпы 62 бірлік техника толық сатып алынып, шаруашылықтарға берілді. Нақтылап айтсақ, сепкіш – 28, комбайн – 19, жапырақ тазартқыш – 15 дана алынды, дейді басқарма басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков.
Жалпы облыста соңғы көрсеткіштерге сүйене айтсақ, мал саны да едәуір өскен. Нақтылап айта отырсақ, жалпы төрт түлік 111,7% өсіп, 2 млн. 786 мың басты құраған. Оның ішінде: 560,0 мың ірі қара, бұл ретте өсім 122,8% артқан. 2 001,1 мың бас ұсақ мал бар. Оның өсім көлемі 110,2% құраған. Ал 208,2 мың бас жылқы да бар. Мұнда қылқұйрықтың өсімі 104,5% артқан. Соңғысы 2,3 мың бас түйе тіркелген. Оның өсімі 123,5% құрап отыр. Былтыр 106,7 мың тонна ет өндірілген екен. Осы жылы 110,9 мың тонна ет өндіру жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 53,8 мың тонна ет өндірілген. Жоспарға 48,5% көзделген.
Облыс көлемінде суармалы су беруге арналған 54 гидротехникалық құрылыс орналасқан. Нақтылап айтсақ 8 су қоймасы, 16 тоған, 10 бөгет, 20 су жинау торабы бар. Оның ішінде 4 су қоймасы, 8 бөгет және 11 су жинайтын гидроторап «Қазсушар» РМК-ның қарауында тұр. Ал 20 нысан коммуналдық меншіктеғ нақтылап айтсақ 3 су қоймасы, 14 тоған, 3 су жинайтын гидроторап бар. Соның 11 нысаны жеке меншікте тұр. Бұлар 1 су қоймасы, 2 тоған, 2 бөгет, 6 су жинайтын гидроторап. Барлық суару желілерінің ұзындығы 7,8 мың км-ді құрайды. Бұлардың бәрі фермерлер үшін арналған нысандар. Жаздың ортасында су тапшылығы болмау үшін арнайы салынған құрылыс орындары саналады.
Су тапшылығы өңірдегі егіс алқабын көбейтуде кедергі келтіріп отыр. Сондықтан көп шаруалар тамшылатып суару әдісін қолдануға мүдделі. Ал оның техникасы өте қымбат тұрады. Сол себепті қалтасы бар фермерлер сатып алады. Ал шағын қожалықтарға бұл әдіс қиынға түседі. Алдағы уақытта соған орай субцидия берсе, көбіміз қол жеткізер едік. Меніңше гидротораптардың пайдасы шамалы. Табиғаттың тосын мінезі де көп шаруаларды шығынға батырды, дейді шаура иесі Алтынбек Бердібаев.
Су тапшылығы егіс көлемін ұлғайтуға кедергі
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, су шаруашылығында жалпы құны 35,6 млрд. Теңгеге 11 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтылап айтсақ, ИДБ – 14,1 млрд.теңге, РБ – 13,1 млрд. теңге, ЖБ – 8,4 млрд теңге қарастырылған. Осы жылы 2,9 млрд. теңге бөлінген. Түстеп көрсетсек, РБ – 2,5 млрд. теңге, ЖБ – 414,0 млн теңге жұмсалады. Оның ішінде 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Оған 3,6 млрд. Теңге бөлінген. Кербұлақ ауданы- Матай – 196,2 млн. теңге / 500 га, Еңкөл/Аралтөбе 1 875,2 млн. м3 / 3000 га, Сарқан ауданы-Тәуке-10,5 км/211 га, 804 млн. теңге. Ащылы-Озек-7,6 км/1110 га, 806,2 млн. теңге қарастырылған. 7 нысанның құрылыс жұмыстары жалғастырады. Оған 31,9 млрд теңге қарастырылған.
Су үнемдеу технологиясы 2024 жылға дейін - 9,3 мың га, нақтылап айтсақ 2,5 мың га – тамшылатып суару, 6,8 мың га – жаңбырлатып суару енгізілген. Осы жылы су үнемдеу технологиясын қолдануды 31,2 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні су үнемдеу технологиясы 15 мың гектарға енгізіліп, нақтылап айтсақ тамшылатып суару - 5524 га, жаңбырлатып суару – 9449 га, жалпы алаңы 24,3 мың гектарды құрады немесе 2024 жылдың жоспары 77,8% орындалды. Бүгінде облыс орталығы Талдықорған қаласының индустриялды аумағында жылдық қуаттылығы 110 бірлікті құрайтын «BNK irrigation» жаңбырлатып суғару қондырғыларын шығаратын шағын завуытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, дейді басқарма басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков.
Оның айтуынша, алдағы 2 жылда 33,2 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба қарастырылған. Оның ішінде биыл 13,1 млрд. теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. СҚО тәжірибесі – 4 жоба сүт тауарлы фермасын кеңейту, қайта өңдеу – Панфилов ауданындағы сүт өңдеу цехы, мал бордақылау алаңы Ақсу ауданында, су үнемдеу технологиясы 7 жоба бар.
Мал шаруашылығы болсын, егін шаруашылығы болсын алдымен сусыз ешнәрсе өңбейді. Жайылымда жүрген малға да су керек. Біздің арналар, өзендер, бұлақ бастары жылдан жылға құрғап барады. Егіншілердің егіс көлемін ұлғайтуға кедергі келтіріп отыр. Сүт шаруашылығына да су қажет. Біз мәселеге бір қырынан қарап баға беруімізге болмайды. Былтыр жауын шашын көп болғандықтан тауға шөп мол болды. Биыл жауын шашын көп болғанымен күн қатты ысып, таудағы шөп қуарап кетті. Сондықтан шөп қымбаттады, Бұл сүт өнімдерін, ет өнімдерін саудалауда артық баға қосылатынын білдіреді, дейді фермер Айтолған Серікұлы.
«Ірі жобалар» бағдарламасы аясында былтыр бөлінген 2 млрд. теңгеге үш тауарлы-сүт фермасын кеңейтілмек. Мәселен,«ТАУ САМАЛ ЛТД» ЖШС – 817 млн.тг, «Тәуелсіздік» ЖШС –576 млн.тг, «ТастобеАгроФуд» ЖШС – 607 млн.тг қаржы жұмсалады. Қазіргі уақытта тауарлы-сүт фермаларын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы 805 ірі қара мал басы сатып алынған. Мысалы «ТАУ САМАЛ ЛТД» ЖШ 474 голштино-фриз тұқымды, «Тәуелсіздік» ЖШС – қызыл дат тұқымды 134 бас, «ТастобеАгроФуд» ЖШС 197 голштино-фриз тұқымды ірі қара сатып алған.