Жетісуға ONAY жүйесі қажет пе?

Жетісулықтар өңірге бұл жүйені әкелуге әлі ерте екенін айтуда. Қала әкімдігі осы арқылы жол жүру бағасын қымбаттатудың жолын іздеп отырғандай, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жол ақысы қымбаттауы мүмкін

​Бұған дейін Талдықорғанда қоғамдық көлікпенжол жүру құны көтерілетінін айтылған еді. Дегенмен халықтың наразылығынан кейін қала әкімдігі мәселені жылы жауып қойған. Енді ONAY! жүйесі келетін болса, көп ұзамай жол ақысы қымбаттайтыны даусыз. Мұны талдықорғандықтарда жақсы түйсінеді. Бұған жергілікті билік өкілдерінің айтар уәжі бар. Себебі жаңа жүйе қай жағынан да тиімді.

Бұл жүйе келетін болса жол ақысы үлкен қалалардағыдай 120 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Қазір бағаны тұрақты ұстағанымен түбі біртіндеп соған жеткізеді. Көктемде 40 теңге қосылады, қолма қол ақша болса 150 теңге төлейтіні айтылған. Бұл әңгімелер бекер емес. Мәселен саяжайлардан қатынайтын қара халыққа Оңайды пайдалану оңайға соқпайды. Бұрынғы билетпен жүретініміз жақсы еді. Қазір 80 теңгемен қатынайтын халыққа қиын. Күніне 500 теңгеге жолына кетеді. Бір айда 15 мың теңгедей жолымызға кетіп қалады. Айлыққа қарап отырған адамға ол да үлкен ақша, - дейді қала тұрғыны Ажар Темірбекова.

​Бұған қарамастан күз басында облыс әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласында ONAY! жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі танда қалада 480-ден астам аялдамалар, 26 бағыт бойынша тасымалдауды қамтамасыз ететін 228 автобус бар. Одан бөлек 7 тасымалдаушы жұмыс істейді. Қаланың 40 мыңнан астам тұрғыны жеңілдік алатын санаттарға жатады. Жыл сайын Талдықорған тұрғындары 36,8 млн рет жол жүреді екен. Бұл бұл қаладағы жолаушылар ағынының көлемі.

Бүгінде қаладағы қоғамдық көлік ONAY! жабдықтарымен толық жабдықталды. Яки, көлік карталары және QR арқылы жол ақысын төлеуге арналған терминалдармен, қолма-қол ақшамен төлеуге арналған мобильді көлік терминалдарымен, бақылаушының портативті терминалдарымен қамтамасыз етілді. Қалада жол жүруді тіркеу үшін оқушылар, колледж студенттері, 70 жастан асқан зейнеткерлер, көп балалы аналар, оның ішінде ордендермен марапатталған, 1 топтағы мүгедек адамдар, 7 жастан - 18 жасқа дейінгі балалар, дербестендірілген жеңілдік карталары пайдаланатын болады. Жеңілдікпен жол жүру тек жеке көлік карталары бойынша берілетін болады. Осылайша, жүйе пайдаланушыны анықтай алады және тасымалдаушы сол жолаушының сапары үшін өтемақы ала алады, - дейді қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков.

Айта кетейік, карталар қалаларда ONAY! қызмет көрсету орталықтары, теміржол вокзалдары мен әуежай, газет дүңгіршектерінің желілері, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, тасымалдаушылардың автопарктері сияқты қолжетімді нүктелерде сатылады. Жеңілдікті карта түрлерін алу үшін тұлғаларды тіркеу оқу орындарында, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, сондай-ақ ONAY! қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады!

«Оңайды» үйрену оңайға соқпайды

Бұл жүйе ардагерлердің біраз әуре-сарсаңға салатыны анық. Қала халқыда жол карталарын сатып алуға кезекте тұр. Амал жоқ бәрі тәртіп бойынша жүзеге асуы қажет. Мәселен, «Бірыңғай» картасын ONAY! қызмет көрсету орталығынан болмаса«Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде сатып алуға болады. Жеңілдетілген карталарды Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінде рәсімдеуге өтініш беруге болады. Бұл үдеріс қала әкімдігінің назарынан тыс қалмайды.

Қазан дейін бұрынғы Alem pay операторының карталарын «Бірыңғай» картасына айырбастау тегін негізде жүргізіледі. Карталарды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет, жол ақысын қалай төлеу, карталарды толтыру туралы ақпарат компанияның сайтында onay.kz және әлеуметтік желілерде @onay.kz үнемі жаңартылып отырады. Барлық облыстардағыдай жол жүру картасының бағасы 800 теңгені құрайды.

Ең өкініштісі бұрынғыдай студенттер тегін жүрмейді. 800 теңге төлеуі тиіс. Мектеп оқушылары да, әлеуметтік осыл топ өкілдері де осы қатарға кіреді. Айта кетейік, Талдықорған қаласындағы «Оқушы» және «Әлеуметтік» карталары 1 қазанға дейін электрондық билеттеу жүйесін іске қосу аясында тегін негізде шығарылады. Осы жүйені облысқа әкелген «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС (АКХ) директоры Дәурен Сәбитовбұл бастама қала инфрақұрылымына тигізер пайдасы көбін айтады.

Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС ONAY! жүйесінің операторы болып табылады, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу, диспетчерлеу үшін, жолаушылардың қажеттіліктерін неғұрлым егжей-тегжейлі анықтау үшін көлікті жоспарлау, модельдеу және талдау саласындағы қызметті жүзеге асырады.Бүгінгі таңда Алматы, Қарағанды, Балқаш, Саран және Теміртау қалаларында электрондық билеттендіру жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді. Компанияның миссиясы: күнделікті тапсырмалар үшін қарапайым шешімдерді ұсыну,- дейді Д.Сәбитов.

Оның айтуынша, көлік карталарын ONAY! мобильді қосымшасы арқылы толтыруға болады. Ал өзіне-өзі қызмет көрсету үшін төлем терминалдары, интернет-банкинг, «Қазпошта» филиалдарына жүгіну тиіс. ONAY! мобильді қосымшасында виртуалды көлік картасы жасалды. «Бірыңғай» пластикалық көлік картасын сатып алудың қажеті жоқ (бұл жол ақысын төлеуге арналған стандартты карта, жеңілдіксіз) - ONAY! мобильді қосымшасын жүктеп, тегін негізде виртуалды картаны шығарып, толтыру және QR коды арқылы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу жеткілікті.

Көлеңкелі айналымның алдын алады

Көпке аян, облыс орталығында қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 80 теңге. Студенттер мен оқушылар тегін қатынайды. Кей жағдайды жол жүру билетін жоғалтқан жолаушы ақы төлеуі міндет. Бұл қарды көбіне жүргізушінің қалтасына кетеді. Тіпті күніне қанша адамды тасымалдап жатқаны есепке алыбайды. Бәрі жүргізушінің қолында. Бұл көлеңкелі айналымның бір парасы. Осының алдын алуда «Оңайдың маңызы» зор. Бірақ бұған үйренбеген жетісулықтар қайтар екен.

Рас, жолаушыға төлейміз. Кейде 10-20 теңге жетпей қалады. Адамшылыққа салып әкетеді. Енді оңаймен жүрсек бұл апарат оны қайтан түсінсін. Сосын студенттер мен оқушыларда билет сату алу деген ұят. Бұған дейін қалыптасқан жүйені бұзуға болмайды. Оларға тегін карта таратуы қажет, - дейді Ынтымақ аулының тұрғыны Азат Есентаев.

Ал, қала әкімдігі аталған жобадан көп үміт күтіп отыр. Ондағы цифрлық технологиялар мен заманауи IT-құралдарды пайдалану проблемаларды шешуге жүйелі түрде жақындауға, одан қалды инновациялық әдістерді енгізуге мүмкіндік беретіні алға тартып отыр. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бұл ұзақ мерзімді перспективада халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына оң әсер етеді. Аналитика ЖАО-ға тасымалдаушы кәсіпорындарға өтемақы мен субсидиялар төлеудің ашық және ұтымды жүйесін қалыптастырып қана қоймай, көрсеткіштерді арттыру және қоғамдық көлік қозғалысының жүйелілігін қамтамасыз етуге, қаладағы қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын біртіндеп жаңартуға мүмкіндік береді.

Жол жүру ақысын есептеу мен электронды төлеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу және бес қалада процестерді автоматтандыру нәтижесінде жолаушылар тасымалы саласындағы көлеңкелі айналымды қысқартуға қол жеткізілді, нәтижесінде көлік кәсіпорындарының (тасымалдаушылардың) кірістілігі бірнеше есе артты, жылжымалы құрам жаңартылды, әсіресе сұранысқа ие маршруттарға автобустар қосылды. Жүйе саланың қолма-қол ақшасын көлеңкелі айналымнан шығаруға көмектеседі. Мысалы, Алматы және Қарағанды тасымалдаушыларының табысы 3,2 есеге өсті. Тасымалдаушылардың кірістерінің артуы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, автобустар паркін жаңартуға, жүргізушілердің жалақысын көтеруге әкелді, - дейді Д.Сәбитов.

Бір тиімділігі жергілікті билікке берілген аналитика оңтайландыру, маршруттарды кеңейту туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді, егер белгілі бір аудандарда сұраныс жоғары болса, желіге автобустар қосылады. Дамыған қоғамдық көлік жүйесі тиімді қалалық ортаның ажырамас атрибуты болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ONAY!, кешенді қызмет операторы ретінде жоғары талаптар қойылады.

Қала міндеттерін шешу үшін кешенді шешім әзірленді, оған мыналар кіреді: жол ақысын төлеу, диспетчерлеу, жылжымалы құрамның қозғалыс кестесін және тасымалдардың орындалуын бақылау, талдау. Алынған талдау негізінде жергілікті атқарушы органдар жедел жоспарлаудың тиімділігін арттыра алады: жолаушылар ағыны туралы объективті деректер алу, маршруттарды, қозғалыс аралықтарын түзету, жолаушылардың өзекті қажеттіліктерін көру, жылжымалы құрам бірліктерінің сапасын жақсарту және санын өзгерту.Сонымен қатар, жүйе жоғалған балалардың ата-аналарына бірнеше рет көмектескен. Қосымшадағы мәліметтерге сәйкес, ата-аналар баланың қайда, қай уақытта, қай автобуста жүргенін қадағалап, баланы іздеу үшін жедел шаралар қолдана алады, - дейді Ж.Андабеков.

Автобустардың жаңаруына жол ашады

Жетісулықтардың бір тілегі ескі автобустардың жаңарғаны. Әзірге қала әкімдігінің оған шамасы жетпей отыр. Ал «Оңай» жүйесі арқылы жаңа қоғамдық көліктер алуға мүмкіндік туады. Қараңыз, алып Алматы қаласынан Қонаев, Талғар, Қаскелең, Есік қаларын қоса алғанда, қала және англомерация халқы 3 млн. адамды, 1,7 млн. қоғамдық көлікті пайдаланушыны құрайды. Алматыда қалалық автобус тасымалы саласында 24 тасымалдаушы жұмыс істейді. 3146 автобус азаматтарға қызмет көрсетеді. 181 маршрут 3500-ден астам автобус аялдамаларын қамтиды. Жыл сайын алматылықтар 444 млн сапар жасайды. Алматы қаласында енгізілген шешімдердің нәтижесі: 2016-2023 жылдар кезеңінде осы саладағы жылдық айналым 4 есеге дейін артқан. Осы жылдар ішінде сандық және сапалық жылжымалы құрам жаңартылған.

Жылжымалы құрам бірліктерінің саны 1120-дан 3527-ге дейін өсті. Бұл шамамен 7 жлыл ішіндеге жетістік. Рейстерді орындау пайызы 67% - дан 97% - ға дейін артты. Бұл 2016 жылдан бергі нәтиженің бірі. Қызмет көрсету сапасын арттыру бөлігінде: сапар уақытының төмендеуі, оңтайлы толымдылық, жайлылық байқалады. Тасымалдаудың жалпы тиімділігі артты: рентабельділік, көлік инфрақұрылымы, маршруттардың оңтайлы ұзындығы, жолаушылар көлігінің қозғалыс кестесі.Алматыда жеңілдігі бар санаттардың 820 мың өкілін қамтитын дербестендірілген карталардың 15 түрі жұмыс істейді. Барлығы 1,3 миллионнан астам жеңілдікті көлік картасы шығарылды. Осы мәліметтер негізінде әлеуметтік көмекті мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жобалар әзірленуде, - дейді «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС (АКХ) директоры Д.Сәбитов

Мәселен, Қарағанды, Саран, Балқаш, Теміртау – жоба іске қосылған облыс орталығы мен өңірдің қалаларының халқы 1 млн адамды құрайған. Оның ішінде - жылына 92,7 млн. сапар жасайтын 470 мың қоғамдық көлік пайдаланушысы бар. Осы жылдар ішінде сандық және сапалық жылжымалы құрам жаңартылған екен. Алдынғы жылытасымалдаушылар 69 жаңа қалалық автобус сатып алған. Былтыр 195 жаңа автобус сатып алынпты. Бұл ретте оның 44 бірлігі спутниктік қалалармен қалааралық маршруттарда ескірген жылжымалы құрамды ауыстыруға жұмылдырылған. Нәтижесінде, Қарағанды қаласы мен қала маңындағы аумақтарға қызмет көрсететін автобустардың жартысы жаңартылған. Бұл үдеріс көп ұзамай Жетісуға да келеді.​

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін ONAY!, мобильді қосымшасы әзірленді, онда 3,3 млн пайдаланушы тіркелген және 6 қала қамтылған: Алматы, Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау және Талдықорған. Қосымша банктердің және саяхатқа арналған қосымшаларымен қатар Қазақстандағы топ-5 қосымшаның қатарына кіреді. Мобильді қосымша скринридерлерге бейімделген, пайдаланушылардың барлық топтары үшін қаланы айналып өтуді едәуір жеңілдететін мүмкіндіктер қосылды, - дейді жауапты мамандар.

Картада баланс әрқашан толы болуы үшін «ONAY! автотолтыру функциясы» бар.Сонымен қатар қосымшаның көмегімен жолаушылар автобустарды онлайн режимінде қадағалау арқылы жол уақытын жоспарлай алады. Тіпті, қоғамдық көліктің барлық түрлері бойынша маршруттардың сызбаларын қарай алады;

Автобустарды кесесін қадағалауға жылдам өту үшін «Таңдаулыларға» маршруттар қоса алады. Тіпті сондағы тасымалдаушы туралы ақпарат та білеалады. Ең бастысы ONAY! виртуалды картасын ақысыз ашады. QR сканерлеу немесе көлік кодын қолмен енгізу арқылы жол ақысын төлейді. Сонымен қатар, туыстары мен жақындарының ONAY! карталарын қосып балансын толықтыруға болады. Жол жүру абонементін сатып ала алады. Жоғалған немесе ұрланған жағдайда картаны бұғаттай алады.Жалпы алғанда тұрғындарға бар мүмкіндік жасалған. Үйреніп алса көп ұзамай қиындыққа тап болмайды, - дейді қала әкімінің орынбасары Ж.Андабеков.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы