Жетісуға 450 мың тонна көмір қажет
Биыл қыс ерте түсетін секілді. Қатты отынның кезегінде тұрған жұрттың қарасы қалың. Облысқа кем дегенде 450 тонна көмір қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл көмірдің бағасы 40 мың теңгеге дейін баруы мүмкін. Себебі нарықтағы баға күн санап өзгеріп жатыр. Сұранысқа сай құны да арта береді. Бір тоннасы қазір 19 мыңнан басталады. Әр жерде әртүрлі. Дегенмен халықтың қалтасына салмақ түсірейтіндей бағаны қадағалау жүргізілетін болады.
Жылына 8 тонна көмір жағамыз. Қазір сатып алып қоймасақ, кейін баға шарықтап кетеді. Оның үстіне көмір тұйықтарында кезек күтіп қаласын. Облыстан алыс орналасқандықтан кейде жүк көлігі ауылға келе бермейді. Күн суытып, сәуірдің аяғына дейін үйге от жақтық. Балалар кішкентай болған соң ауырып қалама деп алаңдайсын. Әзірге 2 тонна көмір алдым. Қалғанын қыс басталғанға дейін амалдап алармын. Баға көтеріліп кетпесе екен, - дейді Ақши ауылының тұрғыны Еділбек Тоқпейілов.
Кәсіпкерлер облыс тұрғындары баяғыдай қатты отын іздемейтінің айтуда. Өңірге тәулігіне орта есеппен 25 вагон жеткізіледі екен. Көбіні алыс аймақтағы елді мекендер жиі алатын көрінеді. Қазір облыста 35 көмір тұйық пен 5 қойма жұмыс істеп тұр.
Бүгінде көмір қоры 23 мың тоннаны құрап отыр. Жылдық есеп бойыншы биыл 450 тоннаға тарта қатты отын керектігі белгілі болды. Көбіні халықтын сұранысына сай «Қаражыра» және «Шұбаркөл» кен орындарынан әкелініп жатыр. Әзірге көмір тұйықтарында көмір құны 18 600-20 500 теңгеге дейін бағалануда, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.
Өкінішке қарай, шалғай ауылдарға көмір жеткенше құны артып кетеді. Мәселен, әр ауданда баға әртүрлі. Алыстағы елді мекендер бұл талапқа көнуден басқа амалы жоқ.