Жетісудың 500-ге жуық бұзық баласы ұсталды
Ата-аналарының рұқсатынсыз түнгі көшені кезген балалар ұсталды. Тіпті кейбірі арнайы бейімдеу орталығына жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түнгі 23:00-ден кейін кәмілетке толмаған балалар көшеге ата-анасынсыз шығуға болмайды. Ал Жетісуда балалар арналған ойын-сауық орталықтарында таңға дейін отыратын оқушылар бар.
Мұны аңғарған полиция қызметкерлері арнайы «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Нәтижесінде 500-ге жуық бала ұсталған.
Біздің мақсатымыз балалардың қаіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның үстіне түнгі уақытта кәмілетке толмаған балалар түрлі заң бұзушылықтар жасайды. Осы жағымсыз әрекеттің алдын алу үшін арнайы шара ұйымдастырдық. Нәтижесінде бірнеше бала ұсталып, ата-аналарына ескерту берілді. Қлада түнде қыдыру қауіпті, әртүрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Сол себепті ата-аналар барынша сақ болуы қажет. Біз өз тарапымыздан көмектесуге әзірміз, - дейді өңірлік полиция департаментінің ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.
Онң айтуынша, каменданттық сағат ережесін ешкім бұзуға болайды. Заң бәріне ортақ. Мәселен, департамент қызметкерлері 407 жасөспірімді ұстаған. Оның 90 пайызы түнгі уақытта құрықталған. Тіпті, арнайы бейімдеу орталығына 8 баланы апарған. Одан бөлек 11 толық емес отбасыдан шыққан баланы тауып, кәмілетке толмаған жастарға арнайы ескертпе шараларын қолданған.
Қазір заман қиын, балаларды түнде көшеге жіберуге болмайды. Өзім алаңдап отырамын. Жасөспірім шағында мінез-құлқы құбылады, әртүрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан барынша сақтанып отырамын. Өзім қасынан шықпауға тырысамын. Ішімдік болмаса темекіге қазіргі жастар үйір - дейді ата-ана Әсел Берікова.