Жетісудің үздік спортшылары мен жаттықтырушылары марапатталды

Талдықорған қаласының Салтанат сарайында Жетісу облысының үздік спортшылары мен жаттықтырушылары марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы Рысқұл қатысты.

Сонымен қатар,  жыл сайын дәстүрлі түрде үздіктерді қорытындылайтын шараға  Әлем және Азия чемпионаттарында көк туымызды желбіретіп жүрген спорт саласының майталмандары және олардың жаттықтырушылары жиналды.

Биылғы жыл қорытындысы бойынша Олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінен спортшылар мен жаттықтырушылар сонымен қатар спорт ардагерлері облыс әкімінің алғыс хатымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жетісу облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы