Жетісудағы жанармай жыры

Жетісуда көктемде 7 мың тоннаға жуық дизель отынына өтінім түскен. Дегенмен 833 шаруалық күзгі жиын-терімге жанар жағармайды толық ала алмауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы жылы «Госагро» порталы арқылы өңірдегі бар шаруа 6479,5 тонна дизель отынына өтінім жолдағанымен, жиын-терім уақыты келгенде 3564,7 тоннаға 300-ден астам өтінім қабылданған. Бұл ретте тасымалдаушы оператор «GASSOILМ.А.» компаниясы 76 шаруашылықпен 1752,5 тонна дизель отынын жеткізіп беруге келісімшарт жасасқан. Бүгінде 40-қа тарта қожалыққа ғана 623,6 тонна дизель отыны жеткен екен. Қалған келісімшартта жазылған мезгілді күтіп отыр.

Егінге орақ түскенде дизель отыны өте қажет. Біз кез келген жанармай бекетінен ала алмаймыз. Себебі ол жерге ауыр техника бара алмайды. Тонналап тасуымыз қажет. Оны арнайы компания жеткізіп береді. Бізге қиыны сол. Уақытында әкелмесе күзде күтіп қаламыз. Егін жаңбырдың астына қалып шіріп кетуі мүмкін. Сол себепті көктемнің кезінде шаммаен мөлшерлеп жанармайға өтінім жібереміз. Бізге бір-екі күнде дизель отыны келіп қалы керек. Техника дайын тұр, - дейді шаруа иесі Есаман Жанатбек.

Бүгінде облыстық ауылшаруашылық басқармасы жыл басында министрлікке егін жинау науқаны тұсында ай-айға бөліп, қажетті жанармайды жеткізіп беруді сұраған. Соған сай ведомства өкілдер қарекет еткен. Қазір операторлар өңірдегі шаруаларға тасымалдау үстінде. Бұл жерде мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі маңызды. Себебі диқандардың қалтасына шығын түспеуі керек. Күз бастала әбігерге түсетін шаруашылықтар осыны айтады.

Өңірдегі оператор «GASSOILМ.А.» компаниясы екені белгілі. Олар аудан мен қала орталығына жеткізіп беруді қосқанда жалпы қызмет құны литріне 250 теңгеге бағалағанып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы