30 Қыркүйек 2026, 08:33 Фото: pixabay

Жетісудағы өртті сөндіруге 50 адам мен 10 техника жұмылдырылды

Негізгі күштер оттың таралуына жол бермеуге және оны одан әрі оқшаулауға бағытталды.

Жетісу облысы Ескелді ауданында, Қоржынбай ауылынан 5 шақырым жерде таулы аймақта қураған шөп өртенді.

Өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Өртті жоюға 50-ге жуық адам мен 10 техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары таулы жер бедері мен оқиға орнына апаратын жолдардың болмауына байланысты қиындаған.

Негізгі күштер оттың таралуына жол бермеуге және оны одан әрі оқшаулауға бағытталды.

Жағдай бақылауда.