Бүгiн 2026, 10:07 Фото: Видеодан кадр

Жетісудағы ауылда 5 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген

500 тұрғыны бар ауылда бес жылдан бері полицияға шағым түспеген.

Жетісу облысы Ескелді ауданындағы 500-ге жуық тұрғыны бар Жаңалық ауылы бес жыл бұрын алкоголь өнімдерінен бас тартып, бүгінде қоғамдық тәртіп пен татулықтың үлгісіне айналды. 

Ақсақалдар мен тұрғындардың бастамасымен қабылданған шешімнің нәтижесінде ауылда соңғы бес жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Жаңалық ауылы облыстағы алкогольден бас тартқан 30 елдімекеннің қатарында. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізетін учаскелік полиция инспекторы үздіксіз үлес қосып келеді.

Бүгінде ауыл бірлік, жауапкершілік және ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, қауіпсіз қоғам құрудың жарқын үлгісін көрсетуде.