Жетісудағы Алтын-Емелге 20 мың турист келген

Талдықорғанға ондаған туристік компаниялар мен клубтар келді. Олар туризм күні қарасынында Жетісудың туристік әлеуетіне баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде өңірде труистік нысандар саны артып келеді. Бұрынғыдай тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да арнайы «Vizit Zhetisy» орталықтары ашылып жатыр. Мәселен, биыл өңірге 2 млн-нан астам турист келген. Олар Алакөл, Балқаш көлінен бастап, Айғай құм, Алтынемел, Бұрқанбұлақ сарқырамасы, Тамшыбұлақ секілді табиғаты көркем аймақтарды аралап, ерекше әсер алған. Оны бізге облыстық «Vizit Zhetisy» орталығының басшысы Жандос Нұриев айтып берді.

Бүгінде өңірде туристік маршруттар ұйымдастырылып жатыр. Түрлі фестивальдер қоғам ішінде тіпті шетелдік демалушылардың қызығушылығын арттыруда. Тау туризмі, спорттық туризмдер де біртіндеп дамып келеді. Біз туристерді тарту үшін түрлі бейнеролик түсіріп, осы саланың ілгерлеуі үшін қалда бар мүмкіндіктің бәрін пайдаланып жатырмыз. Биылдың өзінде миллиондаған адам келіп, жер жаннаты Жетісуда демалған. Көл жағалаулары мен сарқырамалардың инфрақұрылымы өркендесе одан да көп туристер келетініне сенемін, - дейді Нұриев.

Мәселен биыл «Жоңғар-Алатау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Алтын-Емел» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне мыңдаған туристер келген. Шипалы көлдер санатына жататын Алакөл мен Балқашта маусымдық туримздік жұмыстар жүреді. Ал парктерде жыл он екі ай қонақтарды қарсы алуға мүмкіндік бар.

Жетісу болашақта туризмнің орталығына айналады деп ойлаймын. Себебі табиғаты көркем, табиғи ресурсқа бай өлке. Мұнда түрлі демалыс орталықтарын ашып, туристерді көбірек тартуға болады, - дейді туристік компания өкілі Айбат Дүйсебай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы