Жетісуда жүзге жуық ұстаз жетіспейді
Облыс әкімдігі жыл сайын арнайы гранттардың басым бөлігін педагогика мамандарына арнайды. Алайда өңірде әлі де маман тапшылығы байқалады, деп хабарлайды хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауылға маман тарту ауыр шаруа
Қанша жылдан бері күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – кадр тапшылығына тосқауыл қою. Білікті агрономдар мен тәжірибелі дәрігерлердің жоқтығы сол саланың ілгерілеуіне бөгет болары анық. Ал мұғалімнің жетіспеушілігін қалай шешуге болады. Әрине, сағат санын өзге де педагогтарға бөліп беріп, жұмыс істей беруге болады. Бірақ заң бойынша ұстаздарға 24 сағат берілуі тиісті. Одан асса маман үшін де зиян.
Қаншама сыныпқа ҚМЖ, БЖБ, ТБЖ секілді күнделікті, тоқсандық жұмыстарды әзірлеу педагогтың жеке дамуына, қосымша шығармашылықпен айналысуына кедергі келтіреді. Оның жауып-жамап көрсеткенімізбен алдында отырған оқушыға обал. Себебі шәкірттің өңіп-өсуі тікелей ұстазға байланысты.
Жетісуда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 21 мыңнан аса педагог жұмыс істейді. Ауыл мектептеріндегі білім деңгейін арттыру, ұстаздарға қолдау көрсету де маңызды. Мәселен ауылдарда 4 мыңға жуық жас маман жұмыс істейді. Осы күні жүзден астамы жаңа оқу жылында жұмысқа тұрған. Бүгінде ауылдағы жас ұстаздарды баспанамен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек көпке әйгі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2 мыңға тарта мұғалімге баспана алу үшін пайызсыз несие берілді. Сондай-ақ 3 мыңға жуық педагогке көтерме жәрдемақы төленді, - дейді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Шындығында облыс әкімдігі жастарды, соның ішінде білікті жас мамандарды өңірге тарту үшін қосымша қаржы беріп қызықтырып оытр. Әйтпесе мегаполистерден аса жырақ емес Талдықорғанға келуге көп жастар құлықсыз.
Бұл мәселеге саясаттанушылар сан түрлі жорамал жасайды. Себебі аграрлы өңірдің алдына қойған мақсаты ауылшаруашылығы саласында басқа аймақтардан басым болу. Сол үшін қазір облыстық бюджеттің біразы ауылға бөлініп жатыр. Жаңа техника алу, инфрақұрылымын реттеу, спорт, денсаулық нысандарын салу секілді жұмыстар атқарылп жатыр.
Ауылды сақтап қалу кез келген өңір үшін ғана емес, мемлекет үшінде күн тәртібінде тұрған мәселе. Мәселен Жетісуда ондаған ауылдың жойылып кетуі мүмкін. Бір Қапалдың өзің мысалға алсақ жетіп жатыр. Уағында одақ көлемінде аты мәшһүр ұжымшар болған. Кейін бәрі тарқап, үлкен нысандардың бәрінің есігіне құлып қойылды. Қазір шекараға жақын шалғай ауыл саналады. Қазір сол ауылды сақтап қалу үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр. Жаңа нысандар ашылса жұмыс та табылады. Соған сай маман керек, - дейді саясатанушы, экономист Таңжарық Талапбеков.
Ұстаз қағазбастылығы көп маман. Айлығы көп болғанымен қағаз жұмысы қажытып жібереді. Сондықтан жас мамандар балаларға көп көңіл бөле алмайды. Ауылдық жерде білім деңгейінің төмендігінің бір факторы осы болып отыр.
Ауылдарға жаңа мектеп қажет
2025 жылы облыста оннан астам мектеп салынады. Оның басым бөлігі ауылдарда орналасады. Бүгінде ауылдық жердегі оқушылар саны жылдан жылға артып келеді. Тиісінше маманда қажет. Өткен жылы жалпы облыс көлемінде 130 мыңға жуық оқушы білім алған екен.
Биылда сол көлемде, тіпті облыстық білім басқармасының мәліметінше одан да асады. Биыл он мыңнан астам оқушы алғашқы қоңырауға қатысқан.
Біз ауылдық мектепті үнемі қадағалап отырамыз. Биыл онға жуық мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Әлі де бірнеше мектеп кезегін күтіп тұр. Келер жылы бұл жұмыстар жалғасын табады. Жалпы жөндеу жұмыстарына 7 млрд тарта қаржы бөлінді. Жаңадан 4 білім ордасы есігін ашты. Нақтылап айтсақ. Шекаралық аудандарыдың бірі Панфилов ауданында Головацкий орта мектебі мен Ә.Кастеев орта мектебінде алғпшқы қоңырау естілді. Сонымен қатар Ескелді ауданына қарасты Шымыр ауылындағы Маметова орта мектебі мен Қоңыр ауылындағы Қоңыр орта мектебі оқушыларын қабылдады. Осындай мектептер келер жылы да салынады, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.
Оның айтуынша ауыл және қала мектептерін қоса алғанда 20 ға тарта оқу орындарына ағымдағы жұмыстары жүрген. Оған бюджеттен 8 жүз млн-ға тарта ақша кеткен. Қазір сол білім ордаларында сабақ жүріп жатыр.
Айта кетейік, бүгінде келесі жылға өтімді 5 білім шаңырағының құрылысы жүріп жатыр. Заманауи мектептердің лентасы келесі жылы қиылмақ. Бұл білім нысандарының маңыздығы сонда, олардың жартысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынбақ. Жыл соңына дейін құрылыс аяқталса, 3 тоқсанда бала қабылдауы мүмкін.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Көксу, Панфилов, Алакөл аудандарында жаңа мектептер ашылады. Мәселен, облыс іргесіндегі Көксу ауданына қарасты Қаратал орта мектебі мен Ақсу ауданына тиесілі Көшкентал ауылындағы орта мектепке 3 млрд-тан астам сомма қарастырылған.
Соынмен қатар «Жайлы мектеп» жобасы аясында кіршігі қаланған Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласына 7 559,4 млрд теңге және Алакөл ауданындағы шекаралық ауыл саналатын Достық ауылына 4 877,5 млрд теңге қаржы жұмсалады.
Мұндағы 5 мектептің бірінің жұмыстары 2025 жылы тәмамдалады. Себебі жөндеу жұмыстары кешірек басталды. Панфилов ауданына қарасты Лесновка орта мектебі келер жылы пайдалануға беріледі. Оған бөлінген қары көлемі 2 864,7 млрд теңгені құрайды.
Ауылға заманауи мектептер қажет. Себебі ғылымға әуес жастардың толқыны мектепте қалыптасады. Сондықтан соған сай апараттар мектептте тұруы керек. Жаңа парта, жаңа орындық, жаңа көрқарас керек. Олардың бәрі оқушының қоғам үшін маңыздылығын сезіндіреді. Әрине, ауылға маман тарту қиын. Жастардың қалаға қызық қуып, қызмет қуып қашатыны белгілі. Дегенмен ауылдада үлкен мүмкіндіктер бар екенін ұғындыру керек. Сосын 20-30 оқушы бар мектептепге көлікпен көрші ауылдарға қатынайтындай арнайы автобустар беру керек. Шамалы оқушыға мұғалімді міндеттемеу керек, - дейді ұлағатты ұстаз, зейнеткер Жамал Қайсарбекқызы.
Біздің бір ұққанымыз, жастар ауылға барғысы келеді, тек сол ауылдың жаңа мүмкіндіктердің ордасы екенін сезіндіру қажет.
Ауылға жастар барғысы келмейді
Жалпы кадр мәселесін шешуде қаржы ғана қолбайлау емес, немесе жас маманды миллиондар беріп ауылда ұзақ ұстап отыра алмайсыз. Себебі мемлекет міндеттеген 5 жыл ғана істеп, кейін қалаға қарай бет түзеуі мүмкін.
Білікті маманды ауылда сақтап қалу үшін сол ауылда кем дегенде 10 жыл жұмыс істеуді міндеттеу шарт. Ол келісімді бұзатын болса, заң аясында жауап беруі тиіс. Әйтпесе 60 ай дегеніңіз көзді ашып-жұмып өтетін уақыт. Ал бұған облыстық білім басқармасының мамандары мынандай уәж айтады.
Мәселен Алакөл ауданындағы Достық ауылына жас маман керек болса, бізге арнайы сұраныс жасайды. Біз сол арқылы жоғары оқу орындарына хат жолдаймыз. Хаттың аясында жұмысқа тұрғысы келетін маман ауылға келуі мүмкін. Бірақ оның шалғайда екенін біліп ұсыныстан бас тартады. Сол үшін сайтқа жариялаймыз. Енді оларды ауылға тарту үшін үстеме ақы төлеп, аудан әкімдігі арқылы баспаналы болу мәселесін көтереміз. 5-7 жылдық арада келісімшарт жасалды. Ал сіз айтқандай 10-15 жылға созылса оған бірден маман қарсы болады. Бізде солай «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы талай отбасы ауылда тұрақтап қалды, - дейді басқарма өкілі Айгүл Саяқбаева.
Қазір ауылдарда қандай мамандар керектігі ашық айтылып жүр. Мысалы химия, алгебра, геометрия, физика, орыс тілу мен әдебиеті, ағылшын секілді пәндерден беретін педагог жоқ. Көп жағдайда пән мұғалімі жоқ елді мекендерге ауданнан қатынап жұмыс істейді.
Олар артық сағат үшін көбірек ақша алғанымен, ары-бері қатынау оңай емес. Арнайы көлік те бөлінбейді. Сондықтан бір ауылда 10 бала болса оқитын, соларды көрші ауылдағы үлкен мектертерге көлікпен апарғаны жөн.
Ауылға жастар барғысы келмейді. Себебі ауылда істейтін мектептен басқа жұмыс орны жоқ. Оның өзі ауылда бала саны көп болса ғана жұмыс табылады, болмаса ол да жоқ. Аувлда егін егіп, жер жыртып, мал бағып ешкім жүргісі келмейді. Көбі қалаға кетіп, қайтып келмейді. Менің де балам қалада жұмыс істеймін, ауылда не бао деп отыр. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, сағат аз, айлығы аз деп келмей отыр. Ал алгебра мен геометриядан сабақ беретін педагог жоқ. Көрші ауылдан келеді. Оған да оңай емес, ауданнан міндеттеген соң келуге мәжбүр, - дейді Екіаша ауылының тұрғыны Жайназым Берікова.
Қазір ауылдық мектептерді жаңарту жұмыстарынан бөлек, заманауи оқу сыныптарын жасақтау жұмыстары да қолға алынған. Жалып өңір бойынша 72 білім ордасы бұл тізімге кіреді. Атап айтсақ, физика, химия, биология, робототехника, STEM және басқа оқу кабинеттері жасақталған.
Жыл аяғына дейін осындай заманауи 700-ге жуық сынып ашылады. Былтырғы 2023-2024 оқу жылында заманауи оқу кабинеттерінің ашылуы 62%-ды құраған.
Бүгінде оқушыларға қажет оқулықтарды сатып алу бойынша жергілікті атқарушы орган мен баспалар арасында келісімшарт жасалған. Әрбір білім ордасында балалар қажетті оқуылықтарға қол жеткізуін біз қадағалап оытрамыз. Мәселен, материалдық-техникалық базаны жаңартуға 2,9 млрд көелімнде қаржы қарастырылған. Былтыр соған 45 жаңа модификациялы кабинет алса, биыл 78 пән кабинетін алу жоспарланған. Бүгінде оның басым бөлігі алынды. Сосын кітарханаларды жақсарту үшін 67,2 млн теңге бөлініп, 58 мектеп кітапханасы жаңғыртылды. Балалрға қажетті кітаптар тізімі де сараланды, - дейді Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алишер Башаров.
Оның айтуынша, күрделі жөндеу жүргізілген 5 білім беру нысанының материалдық техникалық базасын нығайтуға үшін 233 млн теңге қарастырылған. Бұл жерде ауыл мектептер де бар. Аладығ жылдары ауылдық мектептерде оқу кабинеттері стандартқа сай жабдықталып, білім алушылардың сұранысына сай болады.
Ескі мектептер жаңарса игі...
Ауылдық жерлерде ақылы мектептер жоқ. Болған жағдайда да ата-ана баланы оған бере алмайды. Себебі бағасы өте қымбат, қалтасы көтермейді. Қалалық жерде мемлекеттік мектеп ұнамай қалса, ата-ана баласын ақылы мектепке беруге құқылы. Оған ешкім бөгет бола алмайды.
Сондықтан ауылдағы мектептерді ақылы мектептерде ғана болатын құрал-жабдықтармен қамту мемлекет алдында тұрғын үлкен мәселе. Ауылдық мектептер көбіні ескі оқу құралдарын пайдаланады. Кейбір балаларға кетпей қалып жатады.
Мәселен Көксу ауданындағы Н.Алдабергенов атындағы мектепте 1200-ден астам бала оқиды. Орыс-қазақ сыныптары аралас мектепте көбіне оқулықтар жетпей қалып жатады. Ата-аналар өздері сатып алып береді. Кейбірі былтыр сатып алған балалардан сұрап, арзан бағаға алып жатады. Бала саны өте көп. Кабинет жетпегендікден баллар кітапхана мен спорт залына оқуыға мәжбүр. Аудандық әкімшілік бұл мәселеден құлағдар дегенмен келер жылы жөнделіп қалар. Мәселе соны жылдамдатып жіберсе игі еді. Қаншама оқушы бір сыныпта сығылысып әрең отыр. Қарасаңыз обал. Кейде педагогтар кабинет таппай қиналады, - дейді Балбық би ауылының тұрғыны, ата-ана Жәмила Көпжасарова.
Негізінде мұндай мектептер Жетісуда санаулы ғана. Мектеп жітуспеушілігі әлі білінген жоқ. Тек кеңес өкіметі тұсынан келе жатқан мектептер бар. Оларға алдағы 5 жылдықта толықтай жаңаруы мүмкін.
Қазір облыстық білім басқармасы стандартқа сай емес оқу орындарын тізімге алып, алдағы жылы жөндеу керектігін ескертіп отыр. Сондай болған жағдайда біраз мектеп жаңарады. Оның үстіне жылына кем дегенде 5 мектеп салынады. Оқушы саны көбейген сайын мектептердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Ауылдағы мектептерді жаңарту жұмыстары жүргені жақсы. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев келгелі ауылға көп көңіл бөлініп жатыр. Әсіресе медицина, спорт, білім саласына жаңа нысандар салынып, ел игілігіне берілуде. Бұған дейін тек облыс орталығына көп көңіл бөлінген еді. Ауыл балаларында спорт секциямен айналысуға нысандер жетпей жүр еді. Біртіндеп орны толып келеді. Енді шағын үйірмелер ұйымдастырса облыс тарапынан балалр барар еді, - дейді ауыл тұрығын Нұржамал Тасқараева.
Өкінішке қарай кейбір ауылдардың болашағы жоқ саналғандықтан, бір қабатты білім ордаларына құлып қойылуда. Мұнда мектептердің алдағы уақытты бірнешеуі істен шығады. Ал сонда оқитын оқушыларға арнайы автобуспен тасымалдау әдісі қолданады.
Мәселен соның бірі – Ақтөбе ауылындағы бастауыш мектебі. Осыдан екі жыл бұрын онда бар болғаны 5 оқушы оқитын еді. Ол мектепте жабылуы мүмкін білім ордаларының бірі болған.