Жетісуда жүгерішілер жайы мәз емес
Биыл жүрегі алқабы қысқарғаны белгілі. Су тапшылығына байланысты егу науқаны кеш басталған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Былтырғы түйткіл биыл да қайталанама деген уайым жоқ емес. Тонналаған өнімін кептіре алмай, арзан бағаға сатқан шаруалардың еңбегі зая кеткенін айтып, өткен жылы депутаттар да дабыл қаққан еді. Абырой болғанда іске Үкімет араласып, жүздеген жүгеріші кеткен шығынын жапқан еді. Әйтсе де пайда таппады. Дегенмен биыл көктемнің басы суық тартып, таудағы қарғын су төмен түспей, жүгерішілер егінді кеш еккен еді. Сонда да жаркенттік шаруалар 24 мың га жерге дала аруын сепкен.
Бүгінде техника бар шауралар іске ерте кірісіп кетті. Күз былтырғыдай салқын тартып тұр, тауға қар ерте түскендей. Шамасы жеткендер элиталық тұқым екті, ал қалғандары түрлі сорттарды кезекпен септі. Осы күні бар-жоғы 500 гектардан аса алқаптың өнімі орылып, қырмандарға 37 мың тоннаға жуық астық әкелінді. Оны біртіндеп кепкенін Жаркент крахмал сірне зауыты қабылдап жатыр. Оған 400 тоннаға жуық жүгері дәні өткізілген. Күннің райы құбылып тұр. Ертерек егінді жинап, кептіру жұмысына кірісу қажет. Тағы да техниканың жоқтығы қол байлайды, - дейді жүгеріші Талапбек Сегізбаев
Жегілікті аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің айтуынша, қазір шаруалар щамамен әр гектарынан 65-66 центнерден өнім алып жатыр. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта ұлғаюы мүмкін. Себебі егінге толық орақ түспеді.
Жүгері шаруашылығы науқандық жұмыс ретінде аудан үшін маңызды шаруа. Бүгіне 40-қа тарта комбайн егін басында жүр. Оның басым бөлігі әмбебап техника ретінде қызмет көрсетеді. Одан бөлек 700-ге жуық трактор, мыңнан аса тіркеме бар. Дихандар техника сатып алуда, - дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Саят Хасанов.