Жетісуда жол құрылысы сапасы стандарттарының бұзушылықтары анықталды

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп Талдықорғанның жаңа шағын аудандарында жүргізіліп жатқан жол жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында жол құрылысы сапасы стандарттарының елеулі бұзушылықтары анықталды. Олар бойынша анықталған кемшіліктерді жою шеңберінде мердігер ұйымдарға бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Жол сапасына қатысты шағымдарды тұрғындардан үнемі естиміз, ал жол қозғалысының қауіпсіздігі оның сапасы мен жағдайына тікелей байланысты, - деді облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев.

Тапсырыс беруші – жергілікті атқарушы органға жұмыстардың орындалу сапасына және бөлінген қаражаттың ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту ұсынылды.

Жол құрылысы саласындағы проблемаларға Мемлекет басшысы ерекше назар аударып, оның сапасы мен бөлінген қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтуді тапсырғанын атап өту керек. Жалпы, осы жылы облыстың автомобиль жолдарын дамытуға 38 млрд теңге бөлінді. Прокуратура жолдарды салу мен жөндеуді бақылауды тұрақты негізде, оның ішінде оларды іске асыру сатысында жүзеге асыратын болады, - деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы