Жетісуда жол апатынан төрт адам көз жұмды

Алматы-Өскемен автожолында жол апатынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға республикалық маңызы бар жолдың 453 шақырымында болды.

38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі басып озамын деп, рөлді басқара алмай, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Содан кейін Volkswagen Passat көлігімен соғылған, - деп хабарлады полиция.

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды.

Дәл осы көлікте болған үш бала әр түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы