Жетісуда жоғалған адамдар тікұшақтың көмегімен табылды
Құтқарушылар Қазавиақұтқару ТЖМ тікұшағының көмегімен жоғалған адамдарды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше таңертең үш ер адам жол талғамайтын көлікпен Жетісу облысының таулы жерлеріне мал іздеп шықты. Олар кешке қарай байланысқа шықпағандықтан, мазасызданған туыстары ТЖМ құтқарушыларының көмегіне жүгінді,- деді ТЖМ.
Жедел-құтқару жасағының мамандары дереу іздестіруге кірісіп, тиісті күштер мен құралдарды жұмылдырды.
Бүгін Қазавиақұтқару әуе бортын пайдалана отырып ер адамдар Алакөл ауданы Көктерек ауылынан 30 км қашықтықта табылды. Олардың айтуынша, көлік ұялы байланыс болмаған жерде қар үйіндісінде қалып қойған. Зардап шеккендердер медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген хабарламада.
ТЖМ сапар кезінде ауа райы жағдайларын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі туралы еске салады!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мектептердегі тамақтану сапасы талқыланды
Келесі жаңалық
ТЖМ вице-министрі екі облысқа барды
Өзгелердің жаңалығы