Жетісуда жеке қойма өртенді
Жетісу облысының құтқарушылары жедел әрекеттің арқасында өрттің таралуының алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Талдықорған қаласы Шевченко көшесі бойында бөлек тұрған бір қабатты қойма ғимаратының шатырында өрт шыққан.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 40 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Тоқта, вандал": елордада қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланды
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы