Жетісуда жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы жаппай егу басталды

Жетісу облыстық ветеринария басқармасы жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы жаппай ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл вакцинациялау және диагностикалық зерттеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тізбеге енгізілген аса қауіпті 16 ауру түріне қарсы жүргізіледі. 

Бұл іс-шаралар облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қаматамасыз етуге және адамдар мен жануарларды сібір жарасы, қарасан, аусыл, нодулярлы дерматит, пастереллез, құтыру, туберкулез, бруцеллез, басқа да жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған.

Ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларды аудандық және қалалық ветеринарлық станцияларға қарасты округтердің ветеринарлық пункт мамандары атқарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы