27 Қаңтар 2024 2024, 20:26
Фото: polisia.kz
Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Алматы - Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Жетісу облысы Алакөл ауданында Алматы - Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.