Жетісуда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам ажал құшты
Жетісу облысында жол-көлік оқиғасынан бірден бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысында жол-көлік оқиғасынан бірден бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол сақшыларының сараптауынша, қайғылы жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Ақсу ауданында болған. Кешқұрым уақытта "Көшкентал-Қапал" автожолының 4-ші шақырымында екі жеңіл автокөлік бір бірімен бетпе бет соқтығысқан. Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы машиналардың жолаушылары жан тәсілім еткен. Апат туралы хабарланғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.
Апат салдарынан бес адам қаза тапты. Түрлі дәрежедегі дене жарақаты бар екі жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде трагедияның себептері мен мән-жайлары белгіленеді, сондай-ақ болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары тексеріледі. Қара жолда қарсы бетке шығып, қауымды қара жамылдырған ақылсыз жүргізушілерге қатысты да тергеу басталды. Оқиға полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
- Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісті: Иран жаңа шектеу енгізді 07:14
- Қазақстанда АҚШ университетімен бірлескен бағдарламаның алғашқы түлектері оқуын аяқтады 06:35
- Семейде бір түнде 96 құқық бұзушылық анықталды 05:18
- Францияда орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталды 04:27
- Маңғыстауда кейбір ағаш түрлері экожүйеге қауіп төндіріп отыр 03:40
- Аптап ыстық және өрт қаупі: Синоптиктер ескерту жасады 02:34
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29