Жетісуда ұлттық спортпен халықтың 9 % ғана айналысады
Бұл өңірде әлі ұлттық спорт түрлерінің кенжелеп келе жатқанын көрсететіндей. Биыл жалпы саланы дамытуға 21 млрд астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Спарт саласына былтыр 22,4 млрд.теңге бөлінген
Өңірде спорт саласы әзірге бірқалыпты желіспен жүріп келеді. Соңғы олимпиадалардан облыстан қатысқан жүйріктер көзге түсе алмады. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында бүгінде ауыл-ауылдардан спорт нысандары ашылып жатыр. Жастарды спортқа баулу, ішкі талантын ашуды көздейтін жобалар алдағы уақытта өз жемісін береді деген ойдамыз. Әзірге өңір волейболшы қыздарының жеңісіне мәре-сәре болып жатырмыз. 9-шы рет ел ішінде үздік атанған арулардың ерлігі ерлерге үлгі боларлықтай. Себебі ерлеріміз қыздардан қарағанда спорттан бір саты төмен келе жатыр. Бұлай пікір білдіруімізге, басқа да спорт түрлерінен жеткен жетістіктерді саралауымыз себеп болды. Өңірлік бұқаралық спортты дамыту үдеріс қарқынды түрде жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ауылдағы жастарды дене шынықтыру ісіне баула шаралары іске асуды. Осы мақсатта биыл 21,8 млрдтеңге қарастырылған.
Өткен жылы спорт саласын дамытуға 22,4млрд теңге бөлінді. Спорттық инфрақұрылым саласын біртіндеп дамып келеді. Мәселен, облыс көлемінде дене шынықтыру және спортпен айналысуға бағытталған мыңнан астам спорттық құрылым бар. Нақтылап айтар болсақ, 13 стадион, 3 спорт сарайы, 4 спорттық құрылымдар кешенітіркелген. 42 спорт кешені, оның ішінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 шаңғы базасы, 7 атыс тирі, 17 хоккей корты, 978 жазықтық құрылым, 11 теннис корты, 1 ипподром, 18 бассейн және олардың ішінде 502 спорттық залдар мен 20 жапсарлас спорттық залдар бар. Бұлардың бәрі халыққа қызмет етеді. Талай жүйріктерді тәрбиеелп шықты. Жетісу өңірінде 2024 жылдың есебі бойынша «Халықты 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» көрсеткіші 64,1%-ды құрап отыр, - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Саят Сарқытов.
Оның айтуынаш, бүгінде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілген. Атап айтсақ, олар Ақсу ауданының орталығы Жансүгіровауылында, Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласы мен Достық ауылында, Ескелді ауданыныңорталығы Қарабұлақ ауылында, Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында, Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласы мен Текелі қалаларында орналасқан. Олардың бәрі халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
Көпке мәлім былтыр кенді шаһарда бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылса, Сарқан ауданына қарасты Алмалы ауылында, Панфилов ауданына қарасты Үшарал ауылында спорт кешенінің және Талдықорған қаласында волейбол спорт түріне арналған оқу-жаттығу спорт кешенінің есігі ашылды. Оған қоса Талдықорған қаласында «Жетісу» орталық стадионы қайта жаңғыртылып қолданысқа берілді. Мұның бәрі өңірдегі спорт саласын ілгерлетуде аса маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда Алакөл ауданы Лепсі ауылында 180 орынды дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, биылғы жылы Қаратал ауданы Көпбірлік, Тастөбе, Ескелді, Жанаталап, Кербұлақ ауданы Қызылжар, Ескелді ауданы Шымыр, Елтай, Жетісу ауылдарында блокты-модульды спорттық кешендердің құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар инвесторларды тарту арқылы бірнеше спорттық нысандар салынып, қолданысқа беріліп отыр. Атап айтсақ, демеуші «Меридиан M.O.B.Company» ЖШСТалдықорған қаласында спортшыларға арналған 40 орынды тұрғын үй салып берді. Бұл қатарда «Меридиан M.O.B.Company» ЖШС да бар. Өздеріңізге мәлім үстел теннис орталығы демеуші «Жетісу-Қолдау» ҚҚ қолдауымен салынды. «Қазақстан Халқына» ҚҚ демеушілігімен Панфилов ауданына қарасты Көктал және Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылдарында ангар типтес спорттық нысандар қолданысқа берілді, - дейді С.Сарқытов.
Биыл да бұл үрдісжалғасын табатын болады.
Жетісулықтар спортқа жақын емес
Әрине, салаатты өмір салты әрбірімізге керек өмір шарты. Денсаулықтың негізі кепілі дене шынықтыру мәселесіне мұқият болу. Осы бағытта өңір халқы үшін таңғы жаттығу шаралары қолға алынған. Алайда бұл жоба өзін ақтамады. Халық қарсы пікір айтып, жобаны тоқтатты. Бүгінде салауатты өмір салтын сақтап, қоғам арасындабұқаралық спортты дамыту шеңберінде облыс қалалары мен аудандарында түрлі жарыстар өтіп тұрады. Мәселен облыс бойынша спартакиадалар, турнирлер, біріншіліктер жиі ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта облыста 846 дене шынықтыру және спорт ұжымы бар. Онда үш жүз мыңға тарта адам спортпен шұғылданады. Бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 42 пайызын қамтиды. Бұл негізінен жақсы көрсеткіш саналады.
Ауылдық жерлерде небір талантты жастар бар. Алайда спорт кешендері жетіспейді. Соңғы жылдары шалғай елді мекендерге спорт ғимараттарын салу қолға алынды. Алайда бұл барлық ауылды алып қарағанда 20-30 пайызын құрайды. Одан да тіпті аз болуы мүмкін. Біз бұқаралық спортты дамыту үшін ауыл жастарына дене шынықтыру ісіне баулуымыз қажет. Ол үшін алдымен спорт кешендері ауадай қажет. Мәселен, алыста жатқан дарынды жігіттер қалаға келіп дайындала алмайды. Сосын маман мәселесі де істі ушықтырады. Біз де нағыз спортқа жанашыр кадрлар қажет. Ауыл баласына жігер бере алатын. Ондай мамандар ауылдық жерлерде жоқ. Бар болғанның өзінде тәжірибесі толыспаған. Амал жоқ, балалар содан үйренеді, - дейді Қаратал ауылының тұрғыны Айбек Жанасылов.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде басқармаға ведомстволық бағынысты спорт мекемелерінің жалпы саны 35 бірлікті құрайды.Олардың ішінде 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 5 кәсіби клуб бар. Клубтарға тоқталар болса, «Олимп» регби клубы, «Жастар» спорттық клубы, «Жетісу» футбол клубы, «Жетісу» волейбол клубы, ұлттық спорт түрлерінен «Жетісу» клубы және «Жетісу» хоккей клубы көбіне жастарды жаттықтырып жүр. Одан бөлек, 2 мектеп-интернатыжұмыс істеп тұр. Оның бірі алыстағы Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты болса, екінші талай мықты шәкірттердің ұстаханасына айналған; Талдықорған қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі саналады.
Бізде 2 спорт түрлерінен облыстық жоғары спорт-шеберлік мектептері де бар. Оның бірі –олимпиадалық болса, бірі олимпиадалық емес. Олимпиадалық резервті даярлау орталықта жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл қатарға дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мен спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясын қосауға болады. Бұл нысандардың бәрі ауыл баласы мен қала баласының қатар дайындалуына күш салып отыр. Әрине, ауылдық жерлерде көп мүмкіндік жоқ дегенімізбен, жарыста жүйрік келетіндердің көбі ауылдан шыққан қыз-жігіттер. Алдағы уақытта алыстағы елді мекендерге спорт кешендерін салу жұмыстары жүретін болады. Бізге жастардың шынығып, елдің абыройын қорғағаны маңызды, - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Саят Сарқытов.
Жалпы жетісулықтардың спортқа аса жақын еместігі байқалады. Тек соған қатысты сала мамандары ғана болмаса, басқа мамандық иелері дене шынықтыру ісіне араласпайды.
Ұлттық спортқа халықтың қызығушылығынарттыру керек
Бәйге, теңге алу, құсбегі, көкпар секілді елге таныс, жұрттың делебесін қоздыратын ұлттық спортты дамыту маңызды. Бұл алдымен ұлттың ұстынын сақтауда ерекше рөл атқарады. Мәселен, обылс көлемінде ұлттық спорт түрінен 900-ге тарта секция бар. Оларда 26207 адам спортмен жүйелі түрде шұғылданады. Оның ішінде 17538 адам ауылдық жерде тұрады. Бұл ұлттық спорт түрлерімен айналысатын халықтың үлесі - 8,9 % құрайды.Демек ұлттық спортқа қызығатын жұрттың саны өте аз. Қазір ауыл-ауылда тазы баптап жүрген жігіттер бар. Оларға мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Арнайы субсидия берілсе, саланың дамуына жол ашылар еді.
Ауылда қыран баптап, тазы үйретіп жүрген жігіттер көп. Соларға үкімет арнайы қаржы қарастырса керемет болар еді. 20-30 тазының үйретуден оған тамақ тауып беру оңай шаруа емес. Ал құсбегілерге тіпті қиын. Қырын қызылдан басқа ештеңе жемейді. Оған бола арнайы мал сояды. Осының бәрі істі қиындатып жібереді. Пайда әкелмегеннен кейін жұрттың бәрі әуес бола бермейді. Тек жанкүйерлікпен, жанашырлықпен, қанға сіңген қасиетпен құс ұстап, тазы жүгіртпесе, қалғанының оған баста қатырғысы келмейді. Бұл мәселеге мемлекет тарапынан көңіл бөлінбей ұлттық спорт кенжелей береді. Оған қаншама азаматтар дәлел бола алады. Бірінің жағдайы бірдей емес, - дейді құсбегі Жантілеу Ақанбаев.
Қараңыз, өңірде Мемлекет басшысы тазы баптау ісіне аса мән беріп отыр. Сондықтан жауапты басқармалар бұл мәселеге назар салғаны абзал. Бүгінде Президент тапсырмасына сай спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру бағдарламасы жалғасын табуда. 2024 жылға жан басына шаққандағы спорттық тапсырысты қаржыландыруға 1,7 млрд. теңге бөлінген.. Бүгінгі күні 8 242 ваучер іске қосылып, облыс бойынша 8 242 бала қамтылған. Жобаны 42 өнім беруші жүзеге асырып жатыр.
Біз мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорт саласына да назар аударуымыз керек. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» КММ-де 24 спорт түрімен спортшылар шұғылданады. Жетісу облысында мүгедек спортшыларға арналған спорт түрлері бойынша айналысатын адамдар саны жыл қорытындысы бойынша 1519 адамды құрады, ол спортпен айналасуға қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектер саны 13,0%-ын құрады. Жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен үздік 78 спортшы Жетісу облысы әкімінің қаулысына сәйкес ай сайын ақшалай сыйақысын алуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 10 Халықаралық және 31 республикалық жарыстарға қатысты. Жүлделі болған спортшылар көп, - дейді С.Сарқытов.
Бүгінде өңірде қысқы спортта кенжелеп келеді. Оны да айта кеткеніміз жөн. Облыста шаңғы жарысы бойынша қысқы спорт түрлерін дамытумен Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылындағы мектеп-интернат және Сарқан, Алакөл аудандарының БЖСМ, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатыайналысады. Одан бөлек керленг, мәнерлеп сырғанау шорт-трек және шайбалы хоккей бойынша "№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" және шайбалы хоккей бойынша Талдықорған қаласындағы «№1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және Көксу ауданының БЖСМ-ны айтуға болады.
Бүгінде облыс көлемінде қысқы спорт түрлері бойынша 200-ден астам секция жұмыс істейді. Оларда қысқы спорттың 7 түрінен 3 823 спортшыайналысады. Айта кетерлігі сол спортшылардың басым бөлігі ауыл балалары. Нақсы есепке сүйенсек,2539 жас ауылдық жерлерде тұрады. Алайда бұл облыс тұрғындарының спортпен шұғылданатын жалпы санының 1,3% ғана құрайды.
Жетістіктер де жоқ емес
Жалпы, Жетісуда барлық спорт түрінен 57 аккредиттелген федерациялар жұмыс істейді. Өткен жылы спортшылары барлық деңгейлі жарыстарда 1590 медаль жеңіп алған. Оның 616-сы алтын, 440-ыкүміс, қалғаны қола. 9 - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 58 - Қазақстан Республикасының спорт шебері, 1132 - спорт шеберіне үміткер және 322 бірінші спорттық разрядты спортшы дайындалған. Жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен үздік 213 спортшыға 55 мың теңгеден (15 АЕК) 443 мың теңгеге дейін (120 АЕК) ай сайын ақшалай жабдықталым төленуде. Солардың ішінде 78 мүмкіндігі шектеулі жандар саналады.
Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына садақ атудан облыс спортшылары Абдулин Ильфат, Еременко Александр, Жанбырбай Дәулеткелді, велоспорттан Евгений Федоров және дзюдодан Берліқаш Камила қатысты. Павлодар-Астана бағыты бойынша 500 шақырым қашықтықтан тұратын «Ұлы дала жорығы» Республикалық марафон-бәйгеде Жетісу облысы құрама командасы 1 орынды иеленіп, аталған марафонның екі мәрте чемпионы атанды. Малазия мемлекетінде Куала-Лумпур қаласында маунтинбайк велосипед спортынан Азия чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша кросс-кантри олимпик жарысында Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамында Жетісу облысының спортшысы Денис Сергиенко күміс медальға ие болды. Одан бөлек халықаралық дәрежеде топ жарған спортшыларымыз бар, - дейді С.Сарқытов.
Биыл Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылына 80 орынды спорттық кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқталады. Одан бөлек Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жатақханасының толықтай құрылысы тәмамдалады. Бүгінде спортшылар Қазақстан Республикасының жастар арасындағы VI жазғы спорт ойындарына дайындалып жатыр.
Спортқа әуес балалардың талатын шындау үшін спорт үйірмелерінің рөлі жоғары. Сол үшін спорттық инфрақұрылымдарды дамыту қажет. Қазір өңірде бұл бағыттағы жұмыстарға көңіл толмайды. Бұл Жетісудың ғана емес, басқа да облыстардың мәселесі. Қысқы спорт бізде әлі айтарлықтай дамымаған. Енді біртіндеп өркендеп келеді. Баланы шабыттандыратын ештен жоқ. Текелідегі қысқы спорттық кешен ашылса, мүмкін спортшыларымыз елге танылар. Одан кейін ұлттық спортқа көп қаржы бөлу керек, әйтпесе бәрі бекер болады. Оған арнайы субсидия секілді мемлекеттік степендиялар тағайындау шарт. Сонда ұлттық спорттың тынысы ашылады, дейді спорт ардагері Еділбек Жақыбаев.
Жетісуда ауылдық жерлерге спорт нысанын салу дәстүрін жалғастыра берген жөн. Бұл халықтың тілегі. Соның арқасында бүгінде ауылдық жерлерде спорт секциясына жазылған балалардың саны артқан.