Жетісуда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 156 адам көмек алған

Облыста тұрмыстық қиындықтарға тап болған жандарға арнайы көмек қарастырылған. Мәселен жыл басынан бері облыс көлемінде 156 адамға жәрдем жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оларға сапалы азық-түлік, жатын орындар, гигиеналық заттар толығымен қарастырылған. Жатын орындар 55 адамды қамтиды. Орталық 8 түрлі арнайы әлеуметтік қызмет түрлері бойынша жұмыс істейді. Мәселен, Талдықорғанда 24 адамға көмек көрсетілуде. Орталыққа 35 маман жұмылдырылған. Жәрдем алушы бала мектеп жасында болса, тегін біліммен қамтылады. Сонымен қатар, көмек алушыларға заңгерлік, психологиялық қызметтер тегін ұсынылады. Бұл шара жеті жылдан бері жалғасып келеді.

Жәрдем алу бойынша зорлық құрбандары тұрғылықты жерінен шығу туралы уақытша талон алып, орталыққа орналастырылады. Бүгінде балалар жақын маңайдағы мектептен білім алуда. Орталықта әлеуметтік-педагогикалық мамандар қызмет алушылардың сабақ үлгеріміне, олардың сауаттылығына баса назар аударып, көмек көрсетуде, - дейді “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығы” КММ директоры Сұңқар Қадыров.

Бұл орталық көп балалы аналарға үй кезегіне тұруға, медициналық көмектер яки басқа да қажет құжаттарын рәсімдеуге, жұмыссыздарға жұмыс табуға қол ұшын созады.

Тұрмыстық зорлық зомбылыққа тап болған адамдарды ерте анықтау және оларды қолдау мақсатында 2023 жылдан бастап отбасын қолдау орталықтары іске қосылуда. Атап айтқанда, Текелі қаласы, Панфилов, Сарқант аудандарында, ал 2024 жылы Кербұлақ, Қаратал, Алакөл аудандарында іске қосылды, - дейді әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Арай Сауытбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы