Жетісуда төрт жасар бала құтқарылды

Жетісуда судың айналасынан жоғалып кеткен баланы тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарқан ауданында Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы дүниеге келген бала демалыс аумағынан өз бетінше кетіп, жоғалып кеткен.

Іздеу барысында құтқарушылар баланы демалыс аймағынан 6 шақырым жерден, көл жағасынан тапты. Оны анасына апарып берді, балаға медициналық көмек қажет емес. ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы