Жетісуда тоғыз адам қар құрсауынан құтқарылды

Жетісу облысында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Алакөл ауданында "Алматы-Өскемен" автожолында 9 адам, оның ішінде 3 бала мінген екі жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды.
Құтқарушылар өтімділігі жоғары "Трэкол" көлігімен жолға шығып, қар құрсауында қалған көліктерді тауып, ішінде отырған адамдарды Үшарал қаласына жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖМ сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын және ауа-райын мұқият қадағалауды еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлем кубогі: Гимнаст Милад Карими алтын медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы