Жетісуда тәртіп сақшылары көпті таңғалдырды

Көше бойында көлігі оталмай қалған жүргізушіге жәрдемдескен полиция қызметкерлерінің әрекеті көпті сүйсінтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

​Талдықорған қаласында Ниссан примера автокөлігін тізгіндеген әйел жүргізуші жол бойында тоқтап қалады. Оны байқаған жол сақшылары көлік иесіне жылдам көмекке келіп, көлікті итеріп оталдырып жібереді. Мұны байқаған қала тұрғындары өңірлік палиция департаментінің қызметкерлерінің әдемі әрекетін ұялы телефонға түсіріп алған. Қазір әлеуметтік желі де болған оқиға жұрттың ерекше ықыласына ие болып отыр.

​Біз кейде тәртіп сақшыларын қоғамның ішінде жағымсыз образды сомдайтын қызметкерлер ретінде қарастырамыз. Көп жағдайда солай. Көлік тізгіндеген барлық адам оларды соңынан аңдып қалған, пәле іздеп қалған адам ретінде қарайды. Дегенмен олардың ішінде де өз ісіне адал, халыққа жанашырлары жетерлік. Бүгінгі оқиға соған дәлел десек те болатындай. Әйтпесе көре тұра кетіп қалуына болар еді ғой. Мен байқап видеоға түсіріп алдым. Халықтың қошеметіне олар да лайық», дейді қала тұрғыны Меруерт Қаракенова.

​Көлік иесі тәртіп сақшыларына алғысын айтқан. Ал полиция қызметкерлері көлікті әйел болған соң емес, ер азамат болса да жәрдемдесуден қашпайтынын жеткізді. Оларға елдің амандығын қажет. Мамандығына адал мамандардың жақсылығы көпке үлгі.

Әртіптестеріміздің әрекеті елдің көңілінен шыққанына қуаныштымыз. Бізге халықтың тыныштығы мен берекелі өмір сүргені қажет. Жетісулық полиция қызметкерлері ел үшін аянбай еңбек етуге әрқашан әзір. Біз үшін жол бойында қалып қалған әрбір жүргізушінің жағдайы маңызды», дейді Жетісу облысы ПД Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Қасқар Темірханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы