Жетісуда Талдықорған-Үшарал бағытында көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Алматы-Өскемен» автожолының 287-557 шақырымы аралығында жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті полиция қызметкерлері жолаушыларға жолда сақ болуды ескертеді.
«ҚазАвтожол» ҰҚ-ның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорған — Үшарал бағыты бойынша уақытша шектеу қойылды.
Сағат 22:00-ден бастап «Алматы-Өскемен» автожолының 287-557 шақырым аралығында (Талдықорған қаласынан Үшарал қаласына дейін) жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге (автобус) шектеу қойылды, — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, жолға жауапты компания тәулік бойы жүргізушілерге республикалық трассалардың жағдайы туралы мәліметті ұсынуға дайын. Ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанадан 26 мың текше метрден аса қар шығарылды
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы