Жетісуда спорт саласына артық қаржы жұмсалған

Жастар спорт мекемесіндегі әкімшілік қызметкерлердің жалақысы 604,6 млн теңгеге заңсыз ұлғайған. Іске Антикор араласып, ревкомиссия 737 млн теңгенің қайтарылатыны туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірде спорт саласына бөлінген қаржыны игеру барысындағы көптеген олқылықтар анықталған. Жаттықтырушылар, әкімшілік қызметкерлер үстеме қаржы алған. Яки жалақысының үстіне қосымша ақша бөлген. Оны бізге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжанов айтып берді.

Спорт саласындағы клубтардың әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық қызметіне сай белгіленген жалақысы 604,6 млн теңгеге заңсыз көбейген. Бүгінде ревкомиссия 737 млн теңгені қайтару туралы шешім қабылдады. Сол сияқты заңсыз сыйақылар алынып тасталды. Спортты дамыту дирекциясына сай чемпиондарға берілетін көтерме қаржыға бөлінген 84 млн теңге алып тасталды. Біздің ұсыныстарымыз негізінде жергілікті атқарушы орган осы бөлімде бекітілген еңбекақы қорын ҚР ПП №1193 стандарттарына сәйкестендіріп, қайта қарады, - дейді С. Ахметжанов.

Бүгінде өңірде спорт саласына бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Алайда өңірден шығып, әлемді бағындырған спорт саңлақтары аз. Осы мақсатта басқарма басшылары спортшыларға үстеме ақы беруді ойластырған еді.

Жеңіске жету үшін жаттығу керек. Қаншама маңдай тер төгіледі. Облыстық, республикалық сындардан іріктеу өтеді. Одан кейн әлемдік додада бақ сынайсың. Сенің отбасыңа қарайтын уақытың да болмайды. Жетістікке жету үшін бәрінен бас тарту қажет. Мәселен, алатын айлығымыз көп емес. Оған қосымша қаржы бөлінбесе, чемпион шықпайды. Сөзбен оңай бәрі, - дейді жаттықтырушы Сәкен Алмасов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы