Жетісуда шекаралық ауылдар газға қосылып жатыр

Қытаймен шекаралас саналатын Жаркент қаласының халқының басым бөлігі көгілдір отынға қол жеткізді. Дегенмен әлі халықтың 35%-ы табиғи газды күтіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

​Жетісу жұртының тең жарымы табиғи отынға қол жеткізіп қойды. Алайда алыстағы ауыл-аймақтарға көгілдір отын жеткізу үшін әлі біраз шаруа қажет. Мәселен, Нәдек, Әулиеағаш, Ақжазық, Ақарал, Ават, Ынтымақ, Сұптай, Сарпылдақ, Қырыққұдық, Ақкент, Керімағаш, Қызылжиде, Аққұдық секілді шекаралық елд мекендерге газ келер жылы кіреді деп күтіліп отыр. Бәрі ойдағыдай болса Панфилов ауданының 70 пайызы көмір мен отыннан құтылғалы отыр.

​Өңір тұрғындары газ кежлісі кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Панфилов ауданының орталығыЖаркент жұртының 65%-ы газға қосылды. 7 мыңнан астам абонент табиғи газы пайдалануға мүмкіндік алды. Қазір тұрғындарға жеңілдік мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл жерде қазандықты жергілікті халық қз қаражатына сатып алуы тиіс. Сол себепті бөліп төлеу механизмі енгізуді ойластырып жатырмыз, дейді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

​Айта кетейік, Головацкий және Жерұйық елді мекендерінің көгілдір отынға қосылу бағасы едәуір қымбат. Бұл нарықтағы баға болғандықтан тұрғындар басында 50 мың теңгесін төлеп, қалғанын бір жылға дейін бөліп төлеуді сұрап отыр.

​Газға бәрімізде қосылғымыз келеді. Қыста күл шығарып, көмір тасып жүру оңай емес. Сол бейнеттен құтылу үшін тырысып жатырмыз. Алайда газды үйге кіргізу үшін 500 мыңнан астам қаражатқажет. Ондай ақшаны бірден табу қиын. Сол үшін бөліп төлеуді сұрап отырмыз. Зейнетақы келгендеқаржыны беріп отырамыз, дейді ауыл тұрғыны, зейнеткер Жанасыл Бергенбаева.

​Өңірде алдағы 2 жылда халықтың 90%-дан астамы табиғи отынға кірмек.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы