Жетісуда шаруаларға 440 несие берілген

Жетісулық шаруалар “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 2 млрд 603,8 млн теңге несие алған. Мұны мемлекетке қайтара ала ма? Мәселе сонда..., деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

​Аталған бағдарламаның тиімділігін жұрт көріп жатқанымен, нәтиже жағы көңілден шығуы екіталай. Себебі қаншама қаржы берілгенімен нақты тексерістер толық жүріп жатқан жоқ. Мәселен, осы жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы жүзеге асу үшін республикалық бюджеттен 2 млрд 816,0 млн теңге бөлінген. Былтыр 3,2 млрд теңге қарастырылған еді. Сол қаржыға кәсіп бастауға ниетті 440 ауыл тұрғынына несие беріліп, олар өз кезегінде 760 жұмыс орнын құру қажет болған.

​Бұл жобаның тиімділігін халық көріп жатыр. Мәселен мен бірнеше бас сиыр алып, бүгінде екі есеге көбейттім. Шүкір алғашқы тана-торпақты сатып, алғашқы несиемді жаптым. Төлем ақысы үш ай сайын келетіні болмаса, жалпы ауыл тұрғыны үшін пайдасы мол. Келер жылы толықтай жауып, тағы несие алсам ба деген ниетім бар. Тек құжаттарын реттер кезде біраз кедергіге тап болдық. Осы мәселе ығырды шығарды. Қаншама қаржы кетті. Сол жері ғана халықты мезі етеді. Былай өте тамаша жоба,- дейді ауыл тұрғыны Ыдырыс Кеңшілік.

​Бағдарламаға өтініш бергендердің дені мал шаруашылығымен айналысуға ниетті жандар. Арасында жеке шағын кәсібін бастауға ниетті азаматтарда табылады. Осымен айналысып жатқан «Атамекен Жетісу» Микроқаржы ұйымы бүгінде 3 млрд 254 млн теңгеге 408 өтінім қабылдаған. Оның басым бөлігі қаржыны алған.

​200-ге жуық тұрғын мал шаруашылығын тандаса, 150-ге тартасы басқа да кәсіптің тұтқасын ұстады. Одан бөлек үлкен кооперативтер де өз кәсібін жандандырып отыр. Олар нәтижелі жұмыс істеп жатыр, - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы