Жетісуда саятшылар да сайлауда бейжай қалған жоқ
Қуаныш Тайбосынов бала күнінен ұлттық ат спорты түрлеріне қызығып, әсіресе тазы асырауға құмартты. Қазір осы ұлттық дәстүрге шындап ден қойған. Ол Кербұлақ ауданындағы №198 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімl3u3 баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ит жүгіртіп, құс салып, аң аулап, саятшылықты серік еткен Қуаныш Тайбосыновтың Лашын мен Сұңқар атты екі тазысы бар. Ол жүйрік аттарды баптаудың да қыр-сырын меңгерген.
Бүгін саятшы достарымызбен бірге келіп дауыс бердік. Бұл – біздің азаматтық парызымыз. Алдағы уақытта да саятшылықты одан әрі дамытсам деймін, - дейді Қуаныш.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елеулі саяси науқанға ел ағалары үлес қосты
Өзгелердің жаңалығы