Жетісуда құтқарушылар 12 адамның өмірін аман алып қалды
Жетісу облысы Алакөл ауданында "Үшарал – Достық" Теректі учаскесінің тас жолында ТЖМ күшімен 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Ауа райына қарамастан, құтқарылғандардың барлығы Достық станциясына "КУНГ" жоғары өтімді техникасымен жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ мәліметінде.
ТЖМ азаматтардан қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден кетпеуді сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ вице-министрі екі облысқа барды
Өзгелердің жаңалығы