14 Тамыз 2026, 05:18 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жетісуда Қора өзенінен өте алмай қалған екі ер адам эвакуацияланды

Құтқарушылар ер адамдарды өзеннің арғы бетіне қауіпсіз жерге өткізді.

Жетісу облысының Ескелді ауданында Қора өзенінен өте алмай қалған екі ер адамға ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетті.

Оқиға күндіз болған. Ер адамдар өзеннен өткеннен кейін су деңгейі көтеріліп, кері өздігінен өте алмаған.

Құтқарушылар ер адамдарды өзеннің арғы бетіне қауіпсіз жерге өткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарды табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, қауіпті және жүруге қиын жерлерге бармауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.