Кеше 2026, 13:07 Фото: ©BAQ.KZ/жасанды интеллект

Жетісуда қайғылы оқиға: Балықшыны құтқару кезінде ТЖД қызметкері қаза тапты

Жетісу облысында балықшыны құтқару кезінде құтқарушы қаза тапты.

Жетісу облысындағы Алтынкөл көлінде балықшыны құтқару операциясы кезінде мұз қайта жарылып, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Дамир Таранов қаза тапты. Құтқарушы небәрі 31 жаста болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 7 наурыз күні кезекші бөлімге Панфилов ауданындағы Алтынкөл көлінде мұз жарылып, балық аулап отырған ер адамның бөлініп кеткен мұз үстінде қалып қойғаны туралы хабар түскен. Мұз бөлігі су айдынының ортасына қарай жылжи бастаған.

Оқиға орнына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, Талдықорған қаласынан келген мамандар және «Барыс» республикалық жедел-құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жеткен.

Алайда құтқару операциясы барысында мұз қайтадан жарылған.

Ведомствоның хабарлауынша, осы сәтте өрт сөндіру бөлімінің №11 қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан.

Фото: ҚР ТЖМ

Қаза болған құтқарушы небәрі 31 жаста болған.