Жетісуда қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды
Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалғандарға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Ақсу ауданында, Көшкентал ауылының маңында төрт жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалған.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына шығып, қар құрсауынан барлығы 13 адам, оның ішінде 1 баланы құтқарып, Қапал ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Сонымен қатар құтқарушылар жабылған жол учаскесін қосымша тексерді.
ТЖМ сапарға шығар алдында көлігіңіздің техникалық жағдайын тексеріп, ауа райы жағдайын қадағалау қажеттігін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұландықтар жоғалған қызды анасына қайтарды
Келесі жаңалық
ІІМ 2024 жылы ел бойынша 40 sim-box құрылғысын тәркіледі
Өзгелердің жаңалығы