Жетісуда прокурорлар кәсіпкерлерге 80 млн астам теңге қайтарды

Прокурорлар 50-ден аса кәсіпкерлердің құқығын қорғап, орындалған келісім-шарттар бойынша оларға тиесілі қаражатты қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік сомалары кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін дереу қайтарылуы тиіс болатын.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар өз міндеттемелерін уақтылы орындағанымен, 80 млн теңге көлемінде тиісті соманы қайтармаған.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылып, заң бұзушылыққа жол берген 29 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы