Жетісуда өрттен келген шығын көп
Жетісуда өрттен келген шығын 2 млн теңгеден асады. Бұл соңғы алты айдағы көрсеткіш. Алда аптап ыстық келе жатыр. Жағдай қалай болмақ?, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
Қазір облыста аптап ыстықтан аяқ алып жүре алмайсыз. Қазір өңір эде ауа температурасы + 40 C көрсетіп тұр. Шаруалар орман өрті пайда болуын айтып, алдын алу шараларын ұйымдастыруды ұсынуда. Дегенмен облыстық төтенше жағдай департаменті күн райының ыстығына һәм төтенше жағдацлардың бәріне дайын екенін жеткізуде.
Аталған депортамент басшысының орынбасары Қанат Алтынбеков соңғы уақытта 10-ға жуық орман өрті мен 100-ге тарта дала өрті болғанын айтуда. Бұдан келген шығын да көл-көсір. Әйтсе де мамандар былтырғыдан қарағанда биыл қызыл жалын аз екенін жеткізді. Ал тұрғындар өңірде енді ми қайнатар ыстықтың болып жатқанын айтып дабыл қағуда. Бүгінде өртке оранған жер аумағы 1257 гектарды құрап отыр. Өткен жылы тілсіз жау осымен шамалас жер аумағын шарпыған еді. Жауапты мамандар шіліңгір шілде де өте сақ болуын жетісулықтарға ескертуде.
Жалпы, орман өртіне келгенде бәріміз мұқият болуымыз шарт, сол маңдағы ауыл-аймақтағы азаматтар сақ болғаны тиімді. Көп жағдайда өрт орман айналасында демалуға шыққан ел азаматарының әнтек әрекетінен орын алады. От жағып, тамақ істеп болсан соң кейбір демалушылар қызған шоқты өшірмей, жел көтеріп кетіп жатады. Осындай жағдайлардың салдарынан тілсіз жаумен күресуге тура келеді. Одан бөлек қазіргі уақытта әйнектің көлеңкесі шөпке түссе лаулап жануы мүмкін. Сондықтан жергілікті атқарушы органдармен бірлесе департамент қызметкерлері сақтық шараларын жасауда, - дейді Қанат Алтынбеков.
Оның айтуынша, облыс көлемінде орман қорының аумағы 1,5 млн гектардан асады. Сол аумақты тілсіз жаудан сақтап қалу үшін 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істеуде. Оларға 19 орманшылық пен 7 орман өртін сөндіру стансасы қарайды.
Департамент мәліметіне сүйенсек, құрылымда 300-ге тарта адам қызмет етеді. Егер жалын шарпыса алдымен жүк солардың мойнына түспек. Дегенмен маңайдағы еріктілер де көмекке келгені абзал. Желдің бағыты құтқарушыларға ырық бермеуі мүмкін.
Өрттен Құдай сақтасын, осыдан 3 жыл бұрын өрттің кесірінен талай малымнан айырылдым. Қызыл жалын бір жағынан өшіріп жатсаң екінші жағынан тұтанып, әуре-сарсаңға салады. Елімізде орман көп, әсіресе Алакөлдің маңайында ағаш-талдар мен қураған шөп қауіпті. Ыстың сорын тұрғындар да тартады. Кейде демалушылардың соңынан шағын өрт шығып, сол маңдағы адамдар алдын алып жатады. Мұндай жағдайлар диі кездеседі. Қазір жауапты мамандардың жиі тексеріп тұрғаны дұрыс, - дейді Алакөл ауданының тұрғыны Алпысбай Қоғамбекұлы.
Жаз басталас салысымен Жетісу жеріне демалушылар жиі келетіні белгілі. Балқаш көлі мен Алакөл шипалы көлін бетке алған адамдар табиғатты қорғауды ұмытып кетеді. Соның кесірінен төтеншеліктердің бір тыңбайды. Суға шомылу маусымында тіпті қайғылы жағдайлар орын алып жатады.
Ағымдағы жылы өрт қаупі бар кезеңге аяқ басқалы күнделікті кезекшілік қойылды. Соның нәтижесінде өрт қаупі азайды. Олар күніне екі мәрте басқармаға ақпарат беріп отырады. Өз кезегінде басқарманың кезекшісі облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясын құлағдар етеді. Осы орайда орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында және орман заңдылықтарын бұзушылықтардың алдын алу жөнінде орман мекемелері бойынша 25 шақырым минералдық жолақтар жаңадан жасалды, - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрболат Ноғайбеков.
Елорда күні қарсанында берілген 4 күндік демалыс құрылым қызметкері үшін қиынға соққан. Қанша жерден бақылауға алғанымен суға кетіп қайтыс болғандар кездескен. Оның дені балалар. Ең өкінішті, демалушылар ащы суға сылқия тойып алып, еркінсіп кетеді. Шылым шегіп, оны өшірмей лақтыра салады. Міне, осының салдарынан қызыл жалынға ие бола алмай қалады екен.
Қазір орман шаруашылығының қызметкерлері аумақты бақылап, күндіз түні тыңбай жұмыс істеуде. Дегенмен күннің ерекше ыстығы мамандарды үрейлендіріп отыр.