Жетісуда мың ұстаз марапатталды

Жетісуда 22 мыңға жуық педагог қызмет етеді. Ал ауылда 4 мыңға жуық ұстаз бар. Оның жүзден астамы жас мамандар саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

​Жетісуда мыңға тарта білім ордасының қызметкерлеріне түрлі сый-құрмет көрсетілді. Атаулы мереке қарсанында Талдықорған төрінде салтанатты шара өтіп, бірнеше ұстазға «Ы.Алтынсарын» төсбелгі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталары табысталды. Одан бөлек облыстық байқаулардан үздік шыққан мамандарға қаржылай сыйлық берілді.

Ұстаз болу үлкен жігерді талап етеді. Баланың санасына білім нәрін құю үлкен өнеге. Қазір ауыл мектептеріндегі білім деңгейін арттырып, ұстаздарғақолдау көрсету басты назарда болып отыр. Бүгінде ауылдағы жас ұстаздарды баспанамен қамту мәселесіде біртіндеп ретке келіп келе жатыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша облыста 1600-ге жуық педагогке тұрғын үй сатып алуға пайызсыз несие берілді. Сондай-ақ 3 мыңға тарта мұғалімге көтерме жәрдемақы төленді. Алдағы уақытта да бала біткеннің екінші анасына айналған ардақты жандарға құрмет көрсетіле береді, дейді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

​Жалпы өңірді білім деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді. Маман тапшылығы мәселесі де жылдан жылға шешімін табуда. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жыл сайын жүздеген жас маман білім ордасында еңбек етуге келеді. Олардың дені ауылдарға барып жатыр. Біз осы ретте Оқу-ағарту министрлігінң «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Сарқан ауданына қарасты Жетісу орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Дана Жакенова сөзге тарттық.

Ұстаз болу мен үшін мәртебе. Көрсетілген қошеметке көп рақмет. Шәкірттеріміз биікті бағындырып, әріптестеріміздің еңбегі жаңа берсін.Білім саласы дами берсін, дейді Д.Жакенова.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы