Жетісуда Мерейлі отбасы байқауы мәресіне жетті
Осымен екінші рет Жетісу өңірінде шымылдық түрген отбасылық байқауға 20-ға жуық отбасы қатысты. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген әулеттер топ басынан көрінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыс орталығында өткен Мерейлі отбасы байқауы қазірі уақытта тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшінде маңызы зор сайыс. Мұнда сынға түскен отбасылар жаңадан отау құрған жастарға үлгі бола алады. Нағыз ұлттық әдет-ғұрыптан сусындаған әулет өзінің жарасымдылығымен әрі ауызбіршілігімен ерекшеленеді.
Бұл сайыстың бір ерекшелігі ұлттық құндылықтарға бай болуы. 20-30 жыл отауласқан, тіпті күміс, алтын тойына өткізген үлкен отбасыларды да кездестіресіз. Немерелерімен бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан қаншама бақытты отбасы бар. Олардың өмірі – қазақ отбасының өмірі, - дейді ұйымдастырушы Асел Алтынбаева
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Мемлекет басшысы журналистермен кездескенде осы мәселеге айрықша тоқталған еді. «Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс. Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет», деді Ел Президентті. Расында, қазақ отбасын сақтаудың маңызы жоғары.
Жалпы байқауда ғалымдығымен көзге түскен Есенғабыловтар әулеті топ жарды. Ильяс Есенғабылов мен Айгүл Алдабергенова отау құрғандарына 29 жыл болған. Екеуі де өңірдегі білім ордасының қара шаңырағы Жетісу университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Олар педагогика ғылымдарының кандидаттары, үлгілі отбасы, ұлдары Айса да колледжде қызмет істейді. Екі немере сүйіп, елге адал қызмет етіп отыр.