Жетісуда мал төлдету науқаны қалай өтуде

Көктем келе жетісуда мал төлдету науқаны қыза түседі. Мәселен бір ғана Сарқан ауданында 8 мыңға жуық малі алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төрт түлік - ауыл жұртшылығының негізгі күнкөрісі болғандықтан, олардың күтіміне ұдайы көңіл бөліп отыру маңызды. Жетісуда аталғаншаралар үздіксіз жалғасын табуда. 

Көктемгі төл алу – біздің басты міндетіміз. Биылғы маусым сәтті өтуде. Малдың жағдайы жақсы, ауа райы да қолайлы. Әсіресе, қой мен ешкінің төлдеуі белсенді жүруде. Төлдің жақсы өсіп-жетілуі үшін ерекше күтім қажет. Біз малдың азықтануы мен суаруына айрықша мән береміз. Қыстан шыққан малдың күйін көтеру үшін дәрумендер мен құнарлы жем-шөп береміз. Алдағы уақытта төлді аман сақтап, шаруашылықты одан әрі дамытуға күш саламыз, - дейді сала маманы Жұмат Нұрланов.

Өңірде 164 шаруа қожалығы 156 мал қыстауында қыстап отыр, ондағы 300 ге тарта малшы қауымы бар. Аудан көлемінде 41 900 бас қой-ешкі, 17 610 бас ірі қара, 8 800-ден аса жылқы мен 410 бас ойсылқара тұқымы бар. Одан бөлек 31437 ірі қарадан 1726 бұзау, 64405 қой-ешкіден 5314, 10959 жылқыдан 294 төл алынған.

Даярланған мал азығының басым бөлігі қыстауларға жеткізілген. Атап өткенде, 73 382,4 т. табиғи шөп,  6003 тонна жоңышқа, 16000 тонна сүрлем, 52335 тонна сабан, 9500 тонна пішендеме, 6003 тонна жоңышқа қарастырылған. Мал қыстату науқанына тұрақты бақылау жүргізу үшін әкімдік жанынан арнайы штаб құрылды. Оның құрамына мал дәрігерлері, полиция қызметкерлері және округ әкімдігінің мамандары сияқты жауапты тұлғалар енген. Штаб мүшелері ай сайын кемінде екі рет қыстауларды аралап, мал мен малшылардың жағдайын қадағалап отырады, дейді Сарқан аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Айгүл Абдраимова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы