Жетісуда коттедж қалашығы бос тұр

Бұл үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынған. Бірақ мұнда бюджет ұрланып, құрылысы тоқырап тұр. Қала халқы «Талдықорған стиліндегі жемқорлық» деп атайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көпке белгілі былтыр Талдықорғанда коттедж қалашығынан қаржы жымқырғандар сотталған еді. Біз бұған дейін Береке шағын ауданының берекесі кеткенін жазғанбыз. Қазір жетісулықтар болары болды, енді құрылысты қайта жаңғыртып, сол үйден дәмелі көпбалалы ата-аналарға беруді сұрап отыр.

Коттедж қалашығындағы үйлердің терезелері шағылып, шөп басып босқа тұр. Оны сол маңдағы бірдей үйлер алдында өтіп бара жатып көрдік. Шіркін сол үйлерді мұқтаж адамдарға неге бермейді екен, босқа тұрғанша. Қала әкімшілігі қайда қарап отыр. Соны ипотекаға берсе, қазағым ішпей-жемей соны төлеп өз үйлері қылып алатындай болды ғой, - дейді қала тұрғыны Зайда Байтұрсынова.

Айта кетейік, мұндағы құрылыстың сапасы сын көтермейді. Адамдарының тұруына арнайы комиссия арнайы шешімі әлі шыққан жоқ. Жарты млрд жуық қаржы жымқырылғаны белгілі. Құрылыс материалдарының сапасыз екені айтылып, қабырғалары сөгіліп жатқанын көзбен көргендер бар. Қазір нысандар жемқорлықтың ескерткіші ретінде қаланың кіреберісінде сол баяғы күйінде тұр.

Біз осы ретте жауапты мамандарға хабарласқанда «Бұл сауал әлі де қарастырылады» деп жауап берді. 

Айта кетейік, құрылысы 2014 жылы басталған коттедж қалашығын салу үшін 8 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы бөлінген еді. Көпбалалы әрі әлеуметтік осал топ өкілдеріне арналып салынған нысан көп ұзамай сапасыз деп танылған.

Екі қабатты баспаналар 2019 жылдан бастап пайдалануға берілді. Дегенмен, мемлекеттік бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізген тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы