Жетісуда Көксу ауданына 80 жыл толды

Қант зауыты және мал шаруашылығымен өңірдің өрісті мекеніне айналған Көксу ауданы 80 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талай ғасырдан бері топырағы киелі саналған, небір әулиелер мен батырлардың құтты қонысына айналған Көксу жері облыстың әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына локоматив болған аяулы аймақ. Қабан жырау, Балпық би, Қалқа ақын секілді даналардың кіндік қаны тамқан атамекен. Сондықтан да мерейтойды көксулықтар ерекше атап өтті. Іс-шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев бастаған зиялы қауым қатысты.

Жері майса, суы мол, берекесі жарасқанКөксу ауданы тоғыз жолдың торабында, күре жолдың бойында тұр. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде көксулықтар экономиканың негізгі салаларында табысқа жетіп, облыстың өркендеуіне үлес қосып келеді. Аудан бойынша өткен 9 айда ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 25,8 млрд. теңгеге, ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 27,6 млрд теңгеге жетті. Соның ішінде іргелі кәсіпорын Көксу қант зауытының үлесі зор.

Бүгінде аталған аудан елді мекендері 95%-ы көгілдір отынға қол жеткізген. Келер жылы аудан халқы толықтай табиғи газға қосылады. Одан бөлек жаңа білім ордалары ашылып, медицналық нысандар ел игілігіне беріледі.

Сонау аңыздарға иек артсақ бұл мекен Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан мекен саналады. Кезінде Екіөгіз деген үлкен қала болған. Мынау сарқырап ағып жатқан Көксу өзені Тентек аталып тұрған шақта Қаратал өзенімен Көксу өзінінің ортасында алып қала болған. Дүнгендер қауын егіп, үлкен қаланың эскизі қалған. Қазір мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы саласында жоғары көрсеткішке ие болып отыр, дейді Көксу ауданының Құрметті азаматы, ақын Әміре Әрін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы