Жетісуда интернет дүкеніне алданған тұтынушылар көп
Жетісулық тұтынушылардың тауарға деген шағымы көбейген. Сапасыз заттар сатқан айлакердерге алданғандар саны былтырғыдан 5 есе өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Онлайн сауда айналымы тұтынушыларды тығырыққа тіреп жатыр. Мұны сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен өңірлік полиция қызметкерлері айтып отыр.
Соңғы уақытта 400-ге жуық арыз түскен. Оның 150-ден астамы қанағаттанарлық жауап алса, қалғаны әлі де қаржысын қайтара алмай отыр. Бүгінде 9 млн-ға жуық теңге облыс тұрғындарына қайта қайтарылған екен.
Жалпы мұнда бөлшек және электронды сауда саласы мен тұрмыстық техника алған адамдар жиі алданғаны байқалады. Біз олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында арнайы ақпараттандыру жұмыстарын жүргіздік. Осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастырылып, арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дегенмен онлайн сауда қатты дамығандықтан адамдар алданып қалып жатыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда арыздар бірнеше есе өскен. Тұтынушылар шама бар сақ болғаны абзал, - дейді департамент басшысы Айдос Дауешев.
Көбіне қыздар әлеуметтік желідегі жарнамаларға иланып, сұраныс береді. Олар төлемді алдын ала қабылдағандықтан тауардың сапасын қолмен ұстап көре алмайды. Жетізген заты артынан жарнамадағы тауарға ұқсамайды.
Интернет арқылы сауда жасаған тұрғындар өте көп. Өткен жылы алданғандар саны 60-тан асқан болатын. Биыл одан да көп болатын секілді. Соңғы уақытта 46 өтініш келіп түсті. Біз оның жартысынының мәселесін толыққанышешіп бердік. Қазір осы қлымыс түрі қатты дамып келеді. Интернет арқылы сауда жасағанда алдымен бәрін тексеріп алу қажет. Суреттен көріп бірден тапсырыс беруге болмайды, - дейді полиция капитаны Серік Демейов.