Жетісуда егін науқаны ерте басталды

Өңірде 1 млн тонна астық жинау жоспарланған. Оны сақтайтын қоймалардың көлемі 800 млн тоннаға жуық. Шаруалардың алаңы басым, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дихандар биыл Жетісудың климаттық қалпы тұрақсыз болғанын айтып отыр. Жауын-шашынның көптігінен жем-шөппен айналысатын шаруалар бағаның күрт төмен түсіп кеткеніне наразы. Ал бидайға орақтың ерте түскені кейбір шаруаларға майдай жағуда. Дегенмен алған егін көлеміне бәрі бірдей разы емес. Осы айдың басында басталған егін егу жұмыстары бұл күнде қызу жүріп жатыр.

Жаздың басы ыстық, ортасы жаңбыр, аяғы қайта ыстық болатын секілді. Өңірде қызылша, бидай, арпа, жоңышқа, жүгері егетін шауралар бар. Олардың бәріне бірдей ауа раы қолайлы болды деп айта алмаймыз. Мәселен жоңышқа еккен азаматтар шығынға батып отыр. Олар қаншама жерді жалға алып кәсіп бастағанымен, биыл нарықтағы баға қатты құлдырады. Тауда шөп көп, жаңбыр жиі жауғандықтан баға өте төмен. Ол кеткен шығынды мүлде ақтамайды, -дейді шаруа иесі Арман Тастанбаев.

Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының бізге берілген мәліметі бойынша, бүгінде 26 мың гектарға дуық дәнді дақыл орылған. Одан 64 мың тоннаға тарты асық алынып, бастырылған екен. Жыл соңына дейін астық көлемін 956 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Бүгінде егін ору науқаны ерте басталды. Дихандардың дені егін басында жүр. 92 қырман алған өнімді тазалауға арналған техникамен қамтылды. Одан бөлек астықты шашпай-төкпей сақтайтын 487 қойма жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы сыйымдылығы 700 мың тоннадан асады. Егінді ору жұмыстарына 1139 комбаин тартылған. Шарулар тарапынан техника жетіспеушілігі турасында шағымдар келіп түспеді. Өнім жақсы, -дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы