Жетісуда диорит өндірісі тоқтады
Жетісудағы тарихи ескерткіштерге толы Қызылтас шатқалында петроглифтерді қорғау мәселесіне нүкте қойылды, деп хабарлайды BAQ тілшісі.
Құнды жәдігерлеріне бағаланған тарихи аймақта тас өндірген кәсіпорындардың әрекеті былтыр әшкере болған еді. Қоғам белсенділері қаншама жылдан бері тарихи суретке толы жартастарды жарып, өндіріске пайдаланған компанияларды құрықтау керектігін де айтқан. Бұл мәселе үлкен дауға айналып халық наразылық танытқан. Артынан жергілікті билік араласып, істің мән-жайын анықтап, түйткілді тарқатуға уақыт сұраған еді.
Мемлекет басшысы Ұлттыұрылтайда мәдени мұрамызды сақтау үшін бірегей тарихи нысандарымызды сақтау керектігін ерекше атап өткен еді. Әсіресе петроглифтерді бүліну мен вандализмнен қорғауды тапсырған. Бүгінде тарихшылармен,экологтармен, осындағы жұртшылықпен, құзырлы органдармен бірлесіп, «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін қажетті іс-шараларды қабылдадық. Карьерді игеру заң аясында тоқтатылды. Соған сай сот шешімі де шықты. Алдағы уақытта жәдігер жартастардың тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу жұмыстары реттеледі. Тарихи мекенді дамыту іс-шаралары да қолға алынады, - дейді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.
Аймаққа бірнеше рет тазалау жұмыстары жүргізілді. Жастарды тарихи мекенмен таныстыру жұмыстары бірдіндеп жүзеге асады.
Тарихи құндылықтарымызды қорғау әр азаматтың парызы. Қаншама тасқа қашалған жәдігерлеріміз үгітіліп кетті. Тасбақа тастардың тарихи өңірдегі әр заматтың көкейінде жүруі керек. Кәсіпорынның тоқтады. Алдағы уақытта арнайы маршруттар бөлініп, өңір оқушыларына қадірін түсіндіру қажет. Ол да бір туристтік аймақ болады,- дейді қоғам қайраткері Жұмахмет Жайлаубаев