Жетісуда демалыс аймағында өрт шықты

Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйінде өрт орын алды.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт толығымен 400 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы