Жетісуда cалықтан қашқандар саны 23 мыңнан асады

Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп жағдай. Бүгінде өңірлік мемлекеттік кірістер департаменті 1 млрд теңгеге жуық қаржы өндірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әсіресе жетісулық кәсіпкерлер арасында тапқан табысын жасырып, салықтан жалтару фактілері көбейіп барады. Өткен жылы да осындай келеңсіз оқиғалар орын алған еді. Дегенмен іске сот араласып, кәсіп иелері заң аясында тығырыққа тірелген. Биыл 2 мыңға тарта кәсіпкеркер мемлекетке салық төлеуден қашып жүр.

Біз кәсіпкерлерге ескерту жасадық. Арнайы хабарлама да жолданды. Заң аясында бәрі де мемлекетке салық төлеуге міндетті. Бізді қазір мемлекет алдындағы жауапкершіліктен қашқан жеке тұлғалар алаңдатып отыр. Бүгінде 22 мыңға жуық жеке тұлға салықтан сытылып шығудың амалын іздеуде. Оның басым бөлігі автокөлік тізгіндеген жергілікті жүргізушілер. Олар табысын барынша жасырып бағады. Сол себепті біз құқық қорғау органдарымен бірлесе арнайы рейдтік шаралар жүргізудеміз. Биыл осындай 16 шара өткізілді,- дейді өңірлік мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Қазбек Мұхамбеталиев.

Аталған департамент өкілдері соңғы алты ай ішінде 14 салықтық тексеріс жасаған. Тексеріс барысында 1, 614 млрд сомасында берешек анықталған. Оның 975 млн-ның өндіріліп, қалған қаржы бойынша шаралар қабылданыпты. Өкінішке қарай, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш көңіл көншітпейді.

Департамент мамандарының айтуынша, көлік салығын төлеу тәсілі жеңіл. Қазір kaspi.kz, halyk, forte қосымшалары арқылы кез келген жерде қарызынды өтей аласыз. Тіпті шетел де жүріп те бұл процесске араласуыңызға болады. Тек қосымша ішінде көрсетілген анықтамаларды мұқият толтыруыңыз шарт. Мәліметтен қате кетпеуі қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы