Жетісуда бір адам қар құрсауынан құтқарылды
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Алакөл ауданында "Үшарал-Достық" тас жолында жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған.
Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолға шығып, қар құрсауында қалған көлікті тауып, ішінде отырған жүргізушіні Достық станциясына жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты, - делінген хабарламада.
ТЖМ сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын және ауа-райын мұқият қадағалауды еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қар, тұман, бұрқасын: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Қазақстан 6 жылда шетелдік легионерлерге қанша ақша жұмсады
Өзгелердің жаңалығы