Жетісуда азаматтарды алдап келген қылмыстық топ анықталды
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау жолымен алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталуда.
Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсуде.
Құрметті азаматтар қырағы болып, банктік шоттардың деректемелерін ешкімге бермеңіздер, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аудармаңыздар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай әр қазақстандықтың жүрегінде
Келесі жаңалық
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді
Өзгелердің жаңалығы