Жетісуда 92 метр биіктікке Ту көтерілді
Облыс орталығы Талдықорған қаласында орналасқан үлкен алаңда Мемлекеттік Туымыз қайта тұғырға қонып, әскери гарнизон қызметкерлері 70 дана байрақ көтеріп шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жетісу жерінді жылда дәстүр бойынша Жастар саябағында Республика күніне қарсанында жалпы халықпен бірге Гимн айтылып, жетісулықтар көк байрағымызды көтеріп көшеге шығады. Бұл жолы да сол жолдан тайған жоқ. Әсіресе мектеп оқушылары ел әнұранын ерекше орындап, елдің ыстық ықыласына ие болды.
Бұл күн қазақ халқының сан ғасырдан аңсап келген айтулы мерекесі. Біз еркіндіктің бағасын осындай мерекелерімізді қадірлеу арқылы ұғамыз. Әсіресе жас бүлдіршіндердің санасына Тәуелсіздігіміздің бағасын білу керектігін қондырумыз қажет. Қаншама даңқы бабаларымызды қайтсемде қазақ еліне азаттықтың ақ таңын сыйлаймын деп оққа ұшты, жазықсыз жапа шекті. Сондықтар әрбір адам бағасы мен қасиетіне бойлай білуі шарт, - дейді облыстық ардагерлер алқасының төрағасы Ермек Келімсейіт.
Айта кетейік, іс-шара барысында 70 бала Ту ұстап шығып, жанды дауыста «Атамекен» әнін орындады. Салтанатты шараға облыстық Д.Рақышев атындағы филармония қызметкерлері қатысып, жиынның көркін келтірді. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жерлестерін ұлы мерекемен құттықтады.
Осы баларамыз аман болсын деп, егемендігіміздің қадірін білсін деп армандаймын. Әрбір азамат осы елдің патриоты болуы қажет. Сен құрметтемесең, мен қадірлемесем бұл елдің бірлігі мен татулығы кімге керек. Осындай күрделі заманда, көршіміз соғысып жатқанда елдің тыныштығы маңызды. Қазақ елі жасай берсін. Туымыз көктен түспесін. Ел ынтымағы дәйім жарасып, мерейлі сәттеріміз көп болсын, - дейді қала тұрғыны, зейнеткер Алтынбай Мейрамбекұлы.