Жетісуда 57 мың адам «қандас» мәртебесін алған

Тәуелсіздік алғаннан бері облысқа көшіп келген этникалық қазақтардың саны жүздеген мыңды құрайды. Солардың ішіндегі 20 мың отбасы ғана «қандас» мәртебесіне ие болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде алыс-жақын шет елдерден тұрақты түрде қоныс аударған ағайындарға «қандас» мәртебесін беру және ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қараңыз, биыл облыста 1002 этникалық қазаққа «қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша жағдай жасалған. Бұл деген 462 отбасы жетісулы атанды деген сөз. Былтыр 367 отбасы дәл осындай өкмек көрсетілген екен.

«Биыл 933 этникалық қазаққа «қандас» мәртебесі берілді. 69 этникалық қазаққа (42 отбасы) қандас мәртебесі ұзартылды. Мәселен, Қытайдан – 956 адам, Моңғолиядан – 16 адам, Өзбекстаннан – 24 адам, Ресейден – 4 адам,

Түркиядан – 1 адам, Түрікменстаннан – 1 адам елге келген. Текелі қаласында - 198 отбасы, Көксу ауданында – 64 отбасы, Сарқан ауданында – 58 отбасы, Қаратал ауданында – 45 отбасы, Ескелді ауданында –28 отбасы, Панфилов ауданында –19 отбасы, Ақсу ауданында – 9 отбасы, Талдықорған қаласында – 29 отбасы, Алакөл ауданында – 6 отбасы, Кербұлақ ауданында – 3 отбасы тұрып жатыр», дейді дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Ермек Мизамбаев.

Бүгінде өңірде сырттан келген қазақтар көбіне мал шаруашылығымен айналысады. Оған қоса мемлекеттік арнайы бағдарламаларға қатысып, жеке кәсіппен айналысуға құқылы.

Ата бабамыз қоныс тепкен қасиетті жерге жетер жер бар ма? Елді аңсап келдік, бүгінде жағдайымыз жақсы. Мал, егін шаруашылығымен айналысып жатырмыз. Жетісудың табиғаты көркем ғой. Содан да болар не ексең де, не өсірсең де жеміс береді де тұрады, дейді Ғылымнұр Кәдірхан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы