Жетісуда 500 оқушы киіз үйде демалады
Биыл өңірде 1-10-сынып аралығындағы 121 166 оқушының 85 пайызы түрлі лагерьге барады. Қала сыртында 8 907, мектеп жанында 3 223, ал 500-і киіз үй лагерінде демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінде қала сыртында 14 сауықтыру лагері қызмет көрсетуге дайын. Түстеп көрсетсек, 12 - қала сыртындағы жазғы сауықтыру орталығы, 1 - мүгедектігі бар балаларға арналған жазғы сауықтыру орталығы, 1 - дарынды балаларға арналған лагерь болып саналады.
Мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын балалар туристік саяхатпен, еңбекпен, шығармашылықпен, интеллектуалдық шыңдаумен қамтылады. Мектеп ауласына қазақ үйлер құрылып, ұлттық құндылықтарға негізделген шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, еңбекпен 46507 оқушы, туристік саяхаттармен 19820 оқушы, шығармашылықпен 32700 оқушы, интеллектуалды шыңдаумен 18998 оқушы қамтылады. Бір маңыздысы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 159 млн теңге бөлді. Бұл 1113 балаға көмек болады. Балдаурен жазғы сауықтыру орталықтарында 242 бала демалады, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.
Жетісулық балалар Көкшетау, Қонаев, Алматы секілді қалаларда демалады. Бүгінде 7-і лагерь санитариялық-эпедемиологиялық бақылау департаментіне қорытынды алуға өтінім беріп, рәсімделуде. 5 лагерь зертханалық зерттеулерінің қорытындысын алғанға тапсырыс берді. Жалын сауықтыру лагерінің паспорты халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеуге берілген.
Осы күні мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 3 771 балаға жолдама ұтты. Оның 1856-ы олыс орталығында тұрады. 2847 бала облыс аумағындағы лагерлерге барады. Бастау, Жетісу, Алтын Чажа, Каникулы офлайн, Тамшыбұлақ, Көктал-Арасан сынды демалыс орындарында болады, - дейді М.Сүлейменов.