Жетісуда 4 соғыс ардагері тұрады
Оның үшеуі облыс орталығында тұрса, біреуі Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылдық округінде тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 1,5 млн теңгеден берілді. Одан бөлек сондай майдан көрген, әрі мүгедектігі бар 96 әскери қызметшіге және ұрыс қимылдарына қатысып әр түрлу жарақат алған адамдардың бәріне жүз мың теңгеден төлемақы алды. Сонымен қатар, батырлардың жарларына алпыс мың теңгеден төленді.
Мемлекет тарапынан арнайы бекітілген жәрдемақы барлық адамға беріледі. Есту аппараттары мен протездік-ортопедиялық бұйымдар сияқты түрлі техникалық қосалқы және көмекші, гигиеналық құралдармен бірінші кезекте қамтылады. Сондай-ақ ардагерлерге жылына бір рет мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес санаторий-курорттық емделуге тегін жолдама алады, дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.
Ұлы майдан кезінде тылда еңбек еткен азаматтарда ескерусіз қалмайды. Осы санаттағы үш мыңға жуық өңіртұрғындары алпыс мың теңгеден алады. Осы мақсатта 139,9 млн қарастырылған.
Жалпы елі үшін қорған болған кез келген азамат назардан тыс қалмақ емес. Басқа да ұрыстарға қатысқан 300-ден астам азаматтарға 150 мың теңгеден берілген. Бұл бағытта 48,4 млн теңгеден астам бір реттік материалдық көмек берілген. Осылайша облыста 3 мыңға тарта азамат әр түрлі әлеуметтік көмекке ие болды.
Біз көрген алапат майдан енді бұл далаға оралмасын. Қару ұстап ұрыста жүруге үлкен жүрек керек. Біз талай қиындықтан өттік, міне бүгін ел егемендік алды. Көрсеткен сый-сыйапаттарына рақмет! Отанымыздың туы көкте самғасын, дейді Белорусия фронтында соғысқан қария Төлеубай Чектыбаев.